БайбарысТарихи тұлғалар. Танымдық — көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. «Алматыкітап баспасы», 2009 ISBN 978-601-01-0268-2 (толық есімі — Әл-Мәлік аз-Заһир Рукн әд-Дин Бейбарыс әл-Бундуқдари (; 1223/1228, Дешті ҚыпшықAdventuring in the Englishes: Language and Literature in a Postcolonial Globalized World, Ikram Ahmed Elsherif, Piers Michael Smith. 2014. Part I; Chapter 2, p 18. — , Дамаск), сондай-ақ Әбу әл-Футух (, «Жеңістердің атасы») деген лақап атқа ие болған — Мысыр мен Шамды билеген мәмлүктердің төртінші сұлтаны және Бахри әулетінің іргесін қалаушылардың бірі. Тегі түркінің қыпшақ ұлтынан шыққан ол тақта Сұлтан Құтыздың тікелей мұрагері болды.

Оның қолбасшылық дарыны Франция королі IX Людовик-тың Жетінші крест жорығына тойтарыс беріп, крестшілерді тас-талқан еткен мұсылман әскерінің құрамында ерекше көрінді. Сонымен қатар, Бейбарыс 1260 жылы өткен тарихи Айн-Джалут шайқасында мәмлүктер армиясының алдыңғы шебіне жетекшілік етті. Бұл шайқас дүниежүзілік тарихтағы бетбұрыс сәт болып саналады, өйткені дәл осы жерде моңғол әскері алғаш рет ірі жеңіліске ұшырап, олардың батысқа қарай басқыншылығы біржолата тоқтатылды.

Бейбарыстың билік еткен кезеңі Шығыс Жерорта теңізіндегі Мәмлүктер үстемдігінің дәуірлеуіне жол ашып, олардың әскери жүйесінің іргетасын бекітті. Ол Леванттағы крестшілер билігін біржолата жоюға алғышарт жасап, Мысыр мен Шамның одағын нығайтты. Бұл одақ аймақтағы крестшілер мен моңғолдардың қаупіне тойтарыс бере алатын ең қуатты мұсылман мемлекетіне айналды.

Сұлтан Бейбарыс бұған дейінгі мұсылман империяларының бағындыру әрекеттеріне дес бермей, «алынуы мүмкін емес» деп саналған Мукурра патшалығын (қазіргі Судан аумағында) өз билігіне қаратты. Билеуші ретінде ол дипломатиялық шеберлік пен әскери күшті ұштастыра білді. Бейбарыс Мысырды аймақтағы ең қуатты мемлекетке айналдыру жолында ауқымды реформалар жүргізді. Ол «» кезеңінде ғылымның дамуына ерекше көңіл бөліп, натурфилософтарға, биологтарға, математиктер мен астрономдарға жан-жақты қолдау көрсетті.

Өмірбаяны Бейбарыс Қара теңіздің солтүстігіндегі ұлы дала — Дешті Қыпшақ өлкесінде дүниеге келген қыпшақ текті тұлға. Оның туған жылына қатысты тарихи деректерде қайшылықтар кездеседі: Ибн Тағриберди бір дерегінде оны һижра бойынша 625 жылы (1227 жылғы 12 желтоқсан — 1228 жылғы 29 қараша) туған десе, екінші бір жазбасында 1247 жылы Бейбарыс шамамен 24 жаста болған деп көрсетеді, бұл оның 1223 жылы туғанын меңзейді. Ол қыпшақтардың Барлы (Беріш) тайпасынан шыққан. Оның замандасы әрі оқиғаны өз көзімен көрген Бадр әд-Дин Байсаридің мәліметінше, Беріш тайпасы моңғол әскерінен қашып, Екінші Болгар патшалығына (дереккөздерде Валахия деп көрсетілген) қоныс аударуды көздейді. Олар Қара теңізді Қырым немесе Алания арқылы кесіп өтіп, 1242 жыл шамасында Болгарияға жетеді. Алайда, көп ұзамай моңғолдар Болгарияға басып кіріп, қыпшақ босқындары жаңадан қоныстанған аймақтарды да жаулап алады. Осы шапқыншылық кезінде ата-анасының қаза тапқанына куә болған Бейбарыс пен Байсари тұтқынға түсіп, Рум сұлтандығындағы Сивас құл базарында сатылады. Кейіннен оны Хама қаласында жоғары лауазымды мысырлық әмір Ала әд-Дин Айтегін әл-Бундуқдар сатып алып, Каирге әкеледі. Сондықтан Бейбарыс әл-Бұндуқтари деп аталған.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б. Ө. Жақып. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. — 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х 1247 жылы әл-Бундуқдар қамауға алынғаннан кейін, Мысыр сұлтаны ас-Салих Әюб оның барлық құлдарын, соның ішінде Бейбарысты да өз меншігіне алады.. Сондай-ақ, тарихшы әл-Шарани (1565 ж.қ.б.) Бейбарысты ұлы ойшыл Ибн әл-Арабидің шәкірттерінің қатарына жатқызған.

Билікке келуі thumb|«Сент-Луи тостағанындағы» (1320–1340) тақта отырған билеуші мен оның нөкерлері. Бейбарыстың сол заманға жуық кезеңдегі ықтимал бейнесі. Бейбарыс 1250 жылы Франция королі IX Людовиктің Жетінші крест жорығына тойтарыс беруде шешуші рөл атқарды. Ол Әл-Мансұра шайқасында қала қақпаларын әдейі ашық қалдыру арқылы крестшілерді тұзаққа түсірген тапқыр стратегиясымен ерекшеленді. Бос қалған қалаға лап қойған рыцарлар мәмлүк әскері мен жергілікті халықтың қоршауында қалып, ауыр шығынға ұшырады. Бұл шайқаста Роберт д'Артуа мен Кіші Уильям Лонгеспе қаза тауып, Тамплиерлер орденінің негізгі күші жойылды. Одан кейін болған Фарискур шайқасы Жетінші крест жорығының біржолата тоқтауына және король Людовиктің тұтқынға түсуіне әкелді. Осы жеңістерден кейін Бейбарыс бастаған мәмлүктер тобы билікті өз қолына алып, сұлтан Тұраншахты өлтірді, нәтижесінде таққа ас-Салих Әюбтің жесірі Шажар әд-Дүрр отырды.Runciman, Steven, A History of the Crusades, Volume Three:  The Kingdom of Acre and the Later Crusades, Cambridge University Press, London, 1951, pp. 272–273

1254 жылы Мысырдағы саяси текетірес кезінде сұлтан Айбек Бахри мәмлүктерінің көшбасшысы Фарис әд-Дин Ақтайды өлтірген соң, Бейбарыс пен Қалауын бастаған топ Шам өлкесіне, ан-Насыр Юсуфтың қарамағына қашуға мәжбүр болды. Қуғында жүрген кезінде олар ан-Насыр Юсуфты Мысырға басып кіруге үгіттеп, Иерусалим, Газа және Наблус аймақтарындағы әскери-саяси қақтығыстарға қатысты. Кейінірек Бейбарыс сұлтан Құтұзбен келіссөз жүргізіп, Мысырға қайта оралды. 1260 жылы ол Құтыздың қолбасшысы ретінде моңғолдарға қарсы әйгілі Айн-Джалут шайқасында ерлік көрсетіп, моңғол армиясын тас-талқан етті. Шайқастан соң, аңшылық кезінде сұлтан Құтұз қастандықпен өлтірілді. Тарихи деректерге сүйенсек, Бейбарыс Айн-Джалуттағы жеңісі үшін Алеппо әміршісі қызметін күткен, бірақ Құтұз оның өсіп келе жатқан ықпалынан сескеніп, бұл өтінішін орындамаған.The story of the involvement of Baybars in the assassination was told by different historians in different ways. In one account the assassins killed Qutuz while he was giving a hand to Baybars (Al-Maqrizi and Ibn-Taghri). In another, from an Ayyubid source, Qutuz was giving a hand to someone when Baybars struck his back with a sword (Abu-Al-Fida). A third account mentioned that Baybars tried to help Qutuz against the assassins (O. Hassan). According to Al-Maqrizi, the Emirs who struck Qutuz were Badr ad-Din Baktut, Emir Ons, and Emir Bahadir al-Mu'izzi. (Al-Maqrizi, p.519/vol.1) Осы қақтығыстан кейін Бейбарыс Құтұздың орнын басып, Мысырдың жаңа сұлтаны болып жарияланды.MacHenry, Robert. The New Encyclopædia Britannica. Encyclopædia Britannica Inc., 1993. Baybars

Сұлтандық биліктің орнығуы thumb|Бейбарыс сұлтанның бұйрығымен қазіргі Лод қаласының маңында салынған көпір. Онда сұлтанды дәріптейтін 1273 жылғы жазу мен оның нышаны — барыс (арыстан) бейнеленген. Бейбарыс таққа отырғаннан кейін оның билігіне айтарлықтай қарсылық болған жоқ, тек Дамаскіге иелік еткісі келген танымал әрі қуатты мәмлүк әмірі Әләм әд-Дин Синджар әл-Халаби ғана қарсы шықты. Сонымен қатар, моңғолдардың қаупі де әлі сейілмеген еді. Алайда Бейбарыс алдымен ішкі қарсыласы Синджарды талқандауды ұйғарып, Дамаскіге жорыққа шықты. Осы уақытта Хама мен Хомс бектері Хомстағы бірінші шайқаста моңғолдарды жеңіп, сыртқы қауіптің бетін уақытша қайтарды. 1261 жылғы 17 қаңтарда Бейбарыстың әскері Дамаск маңында Синджардың әскерін талқандап, қалаға басып кірді. Қала тұрғындары Синджарға адалдық танытып, қарсылық көрсеткенімен, Бейбарыс бұл көтерілісті тез арада басып тастады.

Бұдан бөлек, Каирде Нишапурдан шыққан әл-Курани есімді тұлға бастаған шииттердің қысқа мерзімді бүлігі орын алды. Көтерілісшілер түнде Каирдегі қару-жарақ қоймалары мен атқораларға шабуыл жасады. Бірақ Бейбарыс бүлікшілерді қоршауға алып, тез арада тұтқындады. Әл-Курани мен басқа да көтеріліс басшылары Баб Зувейлада өлім жазасына кесілді. Осыдан кейін Бейбарыс Әюбилер әулетімен мәселені шешіп, Керәк бегін саяси сахнадан ысырды. Ал моңғолдарға тойтарыс берген Хомс әмірі әл-Ашраф Мұса мен Хама әмірі II әл-Мансұр Мұхаммедке Бейбарыстың билігін тану шартымен өз иеліктерін басқаруға рұқсат берілді.

1258 жылы моңғолдар Бағдатты жаулап алғаннан кейін Аббасилер халифаты құлап, мұсылман әлемі заңды рухани басшысыз қалған болатын. Бейбарыс өз билігінің заңдылығын нығайту мақсатында 1261 жылы Каирге келген соңғы Аббаси халифасы әл-Мұстасимнің немере ағасы Әбу әл-Қасым Ахмедті II әл-Мұстансир деген атпен халифа деп жариялады. Халифа өз кезегінде Бейбарысқа сұлтан ретінде билік жүргізуге ресми рұқсат берді. Алайда II әл-Мұстансир сол жылы Бағдатты қайтару жорығында моңғолдар қолынан қаза тапты. 1262 жылы оның орнына халифа әл-Мұстаршидтің ұрпағы Әбу әл-Аббас Ахмед I әл-Хаким деген атпен халифа болып жарияланды. Осылайша, Каирде 1517 жылға дейін, яғни Мәмлүк сұлтандығы құлағанша жалғасқан Аббасилер әулетіның жаңа тармағы басталды. Бұл халифалар іс жүзінде сұлтанның қолындағы саяси құрал болғанымен, олар Бейбарыс билігіне діни легитимдік пен айбын беріп тұрды. 1264 жылы моңғолдар әл-Бираны басып алуға әрекеттенгенде, Сұлтан Бейбарыс оларға қатаң тойтарыс беріп, жауды Евфрат өзенінің арғы бетіне шегінуге мәжбүр етті.

Крестшілерге қарсы жорықтар thumb|Бейбарыс бастаған мәмлүктер (сары түспен белгіленген) Тоғызыншы крест жорығы кезінде франктер мен моңғолдарға тойтарыс берді. Сұлтан Бейбарыс Сириядағы крестшілер иеліктеріне қарсы үздіксіз күрес жүргізді. Бұған христиандардың моңғолдармен одақтасып, Дамаск пен Сирияның өзге де мұсылман қалаларына шабуыл жасауы басты себеп болды. Бейбарыс алдымен моңғолдардың вассалына айналған Антиохия кінәздігіне соққы берді. 1263 жылы Иерусалим патшалығының астанасы Акраны қоршауға алғанымен, кейіннен бұл ниетінен қайтып, Назаретті басып алды. 1265 жылдың 21 наурызы мен 30 сәуірі аралығында өткен Арсуф шайқасында Бейбарыс қоршау машиналарын қолданып, крестшілерді тізе бүктірді. Қалаға басып кіргеннен кейін, ол бекіністі берген жағдайда госпитальер рыцарларына еркіндік беретінін айтып уәде бергенімен, берілген рыцарларды құлдыққа сатып, қамалды жермен-жексен етті. Осыдан кейін Сұлтан Атлит пен Хайфа қалаларын бағындырып, олардың цитадельдерін қиратты.

Сол жылы Бейбарыс тамплиерлердің бақылауындағы Сафед бекінісін қоршауға алды. Бұл бекіністі кезінде Салах әд-Дин жаулап алғанымен, 1240 жылы ол қайтадан Иерусалим патшалығының иелігіне өткен болатын. Бейбарыс рыцарларға бекіністі тапсырса, Акра қаласына аман-есен жетуге кепілдік берді. Жаудың басым күшінен сескенген тамплиерлер бұл шартқа келісті. Алайда Сафедті алғаннан кейін Бейбарыс оны өзге қамалдар сияқты қиратқан жоқ. Бекіністің стратегиялық тиімді орналасуы мен сапалы құрылысын ескерген Сұлтан оны қайта жөндеп, нығайтты. Қаланы басқару үшін арнайы уәли (әкім) тағайындады.

1266 жылы Бейбарыс моңғолдарға бағынышты болған Киликия Армениясына басып кірді. Мари шайқасында І Хетумның әскерін талқандаған соң, Мәмлүктер Мамистра, Адана және Тарсус сияқты ірі қалаларды басып алды. Хетум моңғол әскерімен көмекке келгенде, елдің күлі көкке ұшқан болатын. Хетум тұтқынға түскен ұлы Левонды қайтару үшін шекарадағы бекіністерді Бейбарысқа беруге мәжбүр болды. Осы оқиғалардан соң 1269 жылы Хетум тақтан бас тартып, монахтыққа кетті. Оның ұлы Левон Киликияны әрі моңғолдардың қол астында сақтап, әрі мәмлүктерге салық төлейтін қиын жағдайда қалды.

Бұл жеңістер Хетумның күйеу баласы, VI Боэмунд басқарған Антиохия мен Триполиді оқшаулап тастады. 1267 жылы Бейбарыс Акра маңындағы аяқталмай қалған істерін реттеп, келесі жылдары крестшілердің қалған гарнизондарын жоюды жалғастырды. 1268 жылдың 18 мамырында ол Антиохияны қоршауға алып, басып алды. Сұлтан қала тұрғындарының өмірін сақтап қалуға уәде бергенімен, қала берілгеннен кейін уәдесін бұзып, қаланы қиратып, халықтың басым бөлігін қырып немесе құлдыққа сатты. Антиохиядағы бұл қырғын бүкіл крест жорықтары дәуіріндегі ең ірі қантөгіс ретінде тарихта қалды. Осы жеңілістен кейін Антиохия кінәздігі біржола құлады.

Осыдан кейін Бейбарыс Ибелин жиені Гайға тиесілі болған Яффа қаласына бет алды. 12 сағатқа созылған шайқастан соң, 7 наурызда Яффа тізе бүкті. Сұлтан қала тұрғындарының көбін қырғанымен, гарнизон сарбаздарына зиян тигізбей жіберді. Осы жеңістен кейін ол Ашкелон мен Цезарея қалаларын да бағындырды.

Елхандықтың Мәмлүктерге шабуыл жасау әрекеттері