Борис Яковлевич Колесников (1936 жылы туған, Алматы қаласы) – химия ғылымының докторы (1989), профессор (1991).

Мәскеу мемлекеттік университетін (1958), аспирантурасын (1966) бітірген. 1961-1962 - Қазақ минералды шикізат ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, инженер, 1966-1972 - ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) аға инженер, аға ғылыми қызметкер (1972–79), доцент, профессор (1979–90). 1998 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.

Колесников 158 ғылыми жарияланымның авторы. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы лауреаты.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1936 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан химиктері Санат:Химия ғылымдарының докторлары Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазақ минералды шикізат ғылыми-зерттеу институты тұлғалары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері