Өрнек — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл, Өрнек ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Құлан ауылынан батысқа қарай 47 км-дей жерде, бұта шоғыры аралас нарғия, сұлыбас, т.б. астық тұқымдасты шөптесін өскен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты тауалдының қуаң шөлейтті белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1610 1461 90,7 824 732 88,8 786 729 92,7

Тарихы Ауыл 1962-1997 жылдары қой өсіретін Алғабас кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Өрнекте 1997 жылдан «Өрнек» өндірістік кооперативі, ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.

Дереккөздер

Санат:Тұрар Рысқұлов ауданы елді мекендері