Әуезов — Абай облысы Жарма ауданындағы кент, Әуезов кенттік әкімдігі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатау ауылының солтүстігінде, Шар темір жол станциясынан шығыс қарай 40 км жерде, Қызылсу өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Тарихы Іргесі 1944 жылы Бақыршық алтын кен орнының ашылуына байланысты қаланған. Алғашында "Бақыршық" деп аталған, кейін (1967) қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезовтің есімі берілген.

+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен3993 2618 2766 105,7 1275 1362 106,8 1343 1404 104,5

Әуезовте кеніш, кен байыту фабриикасы, тұрмыс қажетін өтеу, оқу-тәрбие, денсаулық сақтау, мәдени-ағарту мекемелері бар. Тұрғындары Өскемен, Семей қалаларымен, т.б. елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Жарма ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері