Айқан Ақанұлы Ақанов (28 мамыр, 1951, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Үлгілі Малшы ауылы - 30 мамыр, 2016, Алматы)Скончался профессор Айкан Аканов – медицина ғылымдарының докторы (1994), профессор (1994), ҚР Валеология академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Өмірбаяны Алматы мемлекеттік медицина институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық медицина универститеті) бітірген. Алматы шет тілдері институтын (1984, қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) бітірген. Алматы облысы Текелі қаласында, Кеген ауданында дәрігер (1972–78) Кардиология ғылыми-зерттеу инститында кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім жетекшісі (1978–94) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ғылымы орталығының директорының орынбасары (1994–95), басқарма бастығы (1995–96), бөлім меңгерушісінің орынбасары (1996–97) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі (1997, 2004 жылдан) 2008 жылдан өмірінің соңына дейін - Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры қызметтерін атқарды.

Ғылыми еңбектері «Эпидемиология, профилактика основных хронических инфекционных заболеваний среди сельских жителей Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 250-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Айқан АҚАНОВ: Медицинаға кәсіби этика, ар-ұят, ізгілік түсініктерін қайтару керек Бөлісу… Аканов Айкан Аканович Айкан АКАНОВ: «В ЗДРАВООХРАНЕНИИ НЕТ СОЛИДАРНОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТИ» Айкан Аканов: “В мире три модели медицины: бюджетная, страховая и частная. Основной вопрос – это выбор модели” Айкан Аканов: "Нам, к сожалению, далеко до правильного, здорового образа жизни" Айкан АКАНОВ: Медицинское образование в стране должно быть на международном уровне

Санат:28 мамырда туғандар Санат:1951 жылы туғандар Санат:Көкпекті ауданында туғандар Санат:30 мамырда қайтыс болғандар Санат:2016 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Кардиология ғылыми-зерттеу институты профессорлары Санат:Қазақстан Валеология академиясының академиктері Санат:Қазақ ұлттық медициналық универститеті түлектері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті түлектері Санат:Қазақстан вице-министрлері Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ректорлары