Шалқошқар Әлібекұлы (шамамен 1770, қазіргі Қызылорда облысы Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы — 1811, қазіргі Арал ауданы Жаңақұрылыс ауылы ) — батыр, Кіші жүз әлім тайпасының шекті — кішкенесінен шыққан. Ел аузында сақталған аңыз-әнгімелерге қарағанда Шалқошқардың батырлығы, алып-күштілігі жас кезінен-ақ аңғарылған. Ағайын-туысқа өте сыйлы, қолы жомарт, дау-дамайды бітімгершілікпен шешетін ақылды адам болған. Түрікмендерге қарсы соғыстарға қатысып, олардың бейбіт жатқан елге тұтқиылдан жасаған шапқыншылықтарына өз жасақтарымен тойтарыс берген. Тұтқынға түскен адамдарды азат етіп, барымтадағы малды қайтарған. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Қазақ батырлары