Құрық минералды суы — Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы Құрық ауылында орналасқан минералды су көзі.

1961 жылы ұңғыма бұрғылау кезінде табылған. Температурасы 69,70С, тәулігіне 1235 м3 су шығатын бұл шипалы су қоры 966 — 1031 м тереңдіктегі құм қабатында жиналған.

Құрамы сульфатты-хлорлы-натрийлі, аздап сілтілі, минералдылығы 8,1 — 8,8 г/л. Азоты басым болып келетін газ құрамында литріне 11 мг-ға дейін күкіртті сутегі, микроэлементтерден марганец, темір бар. Су қоры негізінде 1972 жылдан “Қарақия” санаторийі жұмыс істейді. Шипалы суды ішуге, шомылу үшін де пайдаланадыМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том

Дереккөздер

Санат:Қазақстан минералды сулары Санат:Қарақия ауданы географиясы