Шадыралытау, Шодыралы – Сарыарқаның орта бөлігіндегі Сарысу, Құланөтпес өзендерінің суайрығы, ұсақ шоқылы тау.
Жер бедері Орташа биіктігі теңіз деңгейінен 500 — 600 м; абсолюттік биіктігі 650 м. Ендік бағытта доғаша иіліп 45 – 50 км-ге созылып жатыр, ені 15 – 20 км. Тау бастары бұйратты жұмыр, беткейлері сай-жырамен тілімделген. Аңғарларда шалғын, беткейлерінде жусан өседі. Жайылым ретінде пайдаланылады.
Геологиялық құрылымы Суайрық бөлігі жоғарғы девонға дейінгі интрузиялық граниттерінен, батыс және шығыс етектері төменгі және орта девон жыныстарынан түзілген. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы таулары