Мақсұт Төлеуұлы Шәкіров (1949 жылы туған) – медицина ғылымының докторы. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Дүйсенбай бұтағынан шыққан.«Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017

Қысқаша өмірбаяны: 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. 1983–1986 жылдары Ауғанстан Республикасында интернационалдық борышын өтеген; 1986 жылдан Тері венерологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас дермавенерологы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 250-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. 14 өнертапқыш патентінің иегері.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Қарағанды облысы Санат:1949 жылы туғандар