Сарықобда – Жайық алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақтөбе облысының Алға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 75 км, су жиналатын алабы 1390 км2.
Бастауы Сарықобда Болғар (Болгарка) ауылының оңтүстігіндегі 11 км жерден басталып, Көксай ауылы тұсында Қарақобдаға құяды.
Гидрологиясы Қар, жер асты суымен толығады. Арнасы тар, тік жарлы, жайылмасы 25 — 35 м. Жылдық орташа су ағымы Ильинка ауылы тұсында 0,96 м3/с. Балыққа бай. Суымен егін суарылады.Қазақ энциклопедиясы, 7 том
Дереккөздер
Санат:Алға ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі