Кроссбред қойы ( – будандастыру және – өсіру), биязы жүнді қойды ағылшынның ұзын жүнді қой тұқымдары (негізінен линкольн, ромни-марш, бордер-лейстер) қошқарымен будандастыру арқылы алынған малдарды өзара жұптау және сұрыптау тәсілдерімен шығарылған. Кроссбред қойлары тез жетілетін етті-жүнді мал. Қошқарының тірідей салм. 120 – 130 кг, ал саулығынікі – 70 – 80 кг. Жіңішкелігі 26 – 40 мкм, жылтыр ақ түсті, биязылау кроссбред жүнін береді. Әр 100 саулықтан 110 – 140 қозы алынады. Қазақстанда қойларын жүйелі түрде сұрыптау және асылдандыру нәтижесінде қазақтың етті-биязылау жүнді қойы; қазақтың биязылау ұзын жүнді қойы; ақжайық қойы тұқымдары шығарылды."Қазақ энциклопедиясы".

Дереккөздер

Санат:Қой тұқымдары