Қызылқақ – Ертіс алабындағы тұзды көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Ертіс ауданының батысында орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 41 м биіктікте жатыр.

Аумағы Аумағы 175 км2, ұзындығы 18,8 км, ені 14 км. Жағасының ұзындығы 106,5 км, ең терең жері 1,5 м, су жиналатын алабы 2280 км2.

Жер бедері Көл дефляциялық қазаншұңқырда жатқан көлдің түбі тегіс, лайлы келеді. Жағалауының басым бөлігін сор басқан. Солтүстігі мен оңтүстігінде жарқабақты жағалау кездеседі. Көктемгі қар, жауын-шашын суларымен толығады. Деңгейі жылына 0,3 — 0,5 м-ге ауытқып отырады. Қуаңшылық жылдары тартылып қалады. Суының минералдануы 31,0 г/л. Көлге кішігірім 16 өзен құяды. Ірілері: Бірсуат, Ақсуат, Ағынсай, т.б. Төңірегі негізінен мал жайылымына және шабындыққы қолайлы. Алабында Амангелді, Шолақсай, Қызылқақ елді мекендері және бірнеше қыстау орналасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ертіс ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы көлдері