Еркін Смағұлұлы Нұрғожаев (10.1.1950 ж.т., Алматы қ.) – дәрігер-невропатолог, педагог, медицина ғылымдарының докторы (1998), профессор(2000).

Алматы мемлекеттік медицина институты (1973, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1979) бітірген. Алматы облыстық ауруханасында дәрігер (1973–1974). Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау мининистрлігіне қарасты Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында (1974–1975; 1981–1984) кіші ғылыми қызметкер. Алматы мемлекеттік медицина институтында (1984–1985) кіші ғылыми қызметкер, ассистент (1985–1990), аға ғылыми қызметкер (1990–1993), доцент (1993–2000), профессор (2000). Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында (2001–2004) қызметтер атқарды. 2004 жылдан Қазақ ұлттық медицина универсиетінде кафедра меңгерушісі.

Ғылыми еңбектер «Клинико-физиологические аспекты патогенеза и терапии начальных проявлений недостаточности кровоснабжения мозга при атеросклерозе» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. 24 өнертапқыштық ұсыныс пен 5 өнертабыстың иегері."Қазақ энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:10 қаңтарда туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы түлектері Санат:Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы қызметкерлері Санат:Қазақ ұлттық медицина университеті қызметкерлері Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті оқытушылары Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессорлары