Тоқтар Кемелбайұлы Нұрекенов(1937 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат а.) – физика-математика ғылымының докторы (1995). ҚазМУ-ды(1961, қазіргі ҚазҰУ) және Воронеж мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1964) бітірген. Бұрынғы Көкшетау мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы (1964–1967), 1967 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Теория және қолданбалы математикалық институтында кіші, аға, жетекші, бас ғылыми қызметкер.

Ғылыми еңбектер 1993 ж. «Свойства интегральных операторов типа Урынсона и их приложения к разрешаемости нелинейных интегро-дифференциальных уравнений» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 80-нен астам ғылыми жарияланымның авторы."Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер

Санат:1937 жылы туғандар Санат:Шығыс Қазақстан облысында туғандар Санат:Қазақ ғалымдары Санат:Қазақстан физиктері Санат:Қазақстан математиктері