Байсары — Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Бестоғай ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1952 жылы қаланды.

Географиялық орны Аудан орталығы — Ерейментау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 46 км-дей жерде, Сілеті өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен522265 153 57,7 132 87 65,9 133 66 49,6

Бастауыш мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, клуб бар. Ауыл іргесінен Ерейментау – Степногорск автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Ерейментау ауданы елді мекендері