Байсуат (2007 жылға дейін – Прохоровка)Бұланды және Аршалы аудандары бойынша облыстың кейбір елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы — Ақмола облысы Бұланды ауданы, Қараөзек ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1890 жылы қаланған.

Географиялық орны Аудан орталығы — Макинск қаласының оңтүстік-батысында 12 км-дей, облыс орталығы — Көкшетау қаласының оңтүстік-шығысында 135 км-дей жерде.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен230230 166 72,2 113 82 72,6 117 84 71,8

Инфрақұрылымы Бастауыш мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, дүкен бар. Байсуаттан батысқа қарай 1 км жерден Макинск – Жалтыр автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы – Макинск (26 км).

Дереккөздер

Санат:Бұланды ауданы елді мекендері