Батыс Қазақстан және Каспий аймағының керуен жолдары — Батыс Қазақстан аймағын басып өтетін сауда жолы туралы алғашқы деректер VI-VIII ғасырларда белгілі бола бастады. Осы кезеңде Жібек жолының негізгі бағыты Сирия - Иран, Орта Азия - Оңтүстік Қазақстан - Талас аңғары - Шу - Ыстықкөл ойпаты - Шығыс Түркістан - Қытай болды. Оның бір тармағы Византия - Дербент арқылы Каспий өңірі - Маңғыстау даласы, Арал - Сырды бойлап, Оңтүстік Қазақстандағы негізгі жолға қосылды.
XIII-XIV ғ. Жібек жолы Сырдарияның сол қанатымен қапталдай жүретін керуен жолы Зернук, Үзгент, Қызтөбе, (Баршынкент) арқылы, Түркия, Хорезм бағытының тармақтарымен, Аралдың солтүстігімен батысқа бағыт алды. Ол, Маңғыстау, Солтүстік Каспий өңірі, Сарайшық арқылы Алтын Орда астанасы Сарай қаласынан әрі Каффа қаласына бағыт ұстады. Жібек жолының жаңа тармағы, Шаш - Үргенш - Үстірт Сарайшық - Батыс тармағы - XIII - XIV ғасырда жандана түсті. Негізгі себеп Дешті Қыпшақ, Мауреннахр жері монғол жаулауынан соң біртұтас мемлекет болды. Еділ бойына Алтын Орда Сарайы салынуы Европа мен Азияны байланыстырды. Қытай мен Дунайға дейін кеңстік біртұтас тұрақталып мемлекет құрамында болды. Бұл сауда қақпасына жол ашты.
Таскешу керуен сарайы (Таскешу көпірі) - Қайнар бұлағы - Бақашы әулие - Ұшқан қаласы - Маңсуалмас (Қосқұдық) тармағы арқылы жүрген. Сауда жолындағы Сарайшық қаласының маңызы артты. Қала керуендерді Азиядан Европаға өткізетін қақпа болды. Сарайшық пен Үргенш арасында екі сауда тармағы қалыптасты. Бірінші тармақ: Сарайшық - Тасқұдық - Таскешу керуен сарайы (Таскешу көпірі) - Қайнар бұлағы - Бақашы әулие - Ұшқан қаласы - Маңсуалмас (Қосқұдық) тармағы арқылы жүрген. Екінші тармақ: Қосқұдықтан оңтүстік батысқа қарай бұрылып Көптам - Сам - Чурук - Белеулі арқылы жүрген. Чурук, Белеулі, Қосбұлақ, Бұлақ, Ұшқұдық, Пулжай - Үстірт - Дәукескен - Үргенш.
Ноғай жолын зерттеп картаға түсірген А.И.Левшин болды. Ол, Сарайшықтан Хиуаға, Каспий мен Арал теңіздерінің арасынан өтер үш жол туралы жазды. Бірінші жол: «Сарайшықтан Тентек Сорға келеді, одан Білеулі алқабы арқылы, көне бекініс Ұзынтамының жанынан Сағыҙ өзенінен өтеді, одан Қайнар тауын жағалап, Жем өзеніне келіп, Боқаш әулие қорымының жанынан өтіп, Ұшқанға келеді, одан Желді тауының оң жағымен Үстіртке жетеді. Үстіртте Сам құмы арқылы Айбоғұр алқабымен Айдабол құдығына жетіп, одан Ақтөбе Күркүреуге жетеді». Екінші жол: «Жем өзенінен Үстірт арқылы Желді тауының жанымен жүріп Көптам арқылы Қосбұлақ құдығына жетеді, одан Есеккырган даласымен керуен Үстірттен түсіп ежелгі Үргенішке келеді». Үшінші жол: «Сарайшық бекінісінен Хиуаға баратын жол Қайнар тауының жанынан жоғарыдағы баяндалған жолдардан бөлініп, шығысқа бұрылып, Сарықасқа құдығы мен Біркүндік алқабы арқылы Аққаудан бұлағына жетеді. Үстіртке Арсай мен Қарсай жыралары арқылы көтеріліп, Аралға жетеді. Аралды жағалап, Дуаналы - құлама мен Құлмағыр шығанақтары арқылы Амудария жағасындағы Қоңырат қаласына келеді» деп А.И.Левшин бүкіл «Ноғай жолын» суреттеп жазды.
Бұнда Ноғай атауы кейін XIV ғасырдан аталған. Бұл жол ежелгі Жібек жолының үстінде жатыр. Кейбір тармақтары ғана кейін қосылған. XVII-XIX ғасырларда ноғай жолы керуендер үшін пайдаланылып сауда саттық жолы болды. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде көптеген керуен сарайлар мен мекендер X-XII ғасырларда салынғаны анықталды. Таскешу керуен сарайы мен Ұшқан қаласы X-XIV ғасырларда салынған.
Батыстағы сауда жолында тұрған Сарайшық қаласы ірі сауда орталығы болды. Құрлықтағы сауда жолымен бірге, Сарайшықта теңіз сауда жолының ашылуы үлкен маңызға ие болды. Қала құрлық пен теңіз портының тоғыскан орталығы болып, оның жылдам дамуына әкелді.
Батыстағы Сарайшықпен XIII-XIV тасырларда тұрақты сауда жасаған қалалар қатарында Хаджи-Тархан болды. Ол туралы ағылшындық Ричард Джонсон жазбаларында кездеседі. «…Из Хаджи-Тархана до Сарайчика при медленном путешествии, как обыкновенно едут купцы с товарами, было 10 или даже 15 дней пути, до Туркменских берегов Каспия на судах было 10 дней, до Гиляна морем 7-8 дней».Английские путешественники в Московском государстве XVII веке. 1938. С. 189-190, 224.; Зайцев, 2004. С. 211
Батыстан Сарайшыққа бірнеше сауда жолы келіп тоғысты. «Один на Хаджи - Тархан через степи Маджар с ответвлением на Дербент и далее по Волге и Ахтубе до Сарая, другой по Дону до места наибольшего сближения с Волгой и далее по Ахтубе вниз на Новый Сарай и степью до Сарайчика. Были торговые пути от Приазовья на Волгу в доль Кумы и Кубани».Тихомиров, 1961. С.10-15.; Федров - Давыдов, 2001. С. 205.
Сарайшықтың (Жайықтан) - Шығыс Европаға баратын керуен жол тораптары, осы күнге дейін зерттелмей жатыр. Сарайшық қаласынан шыққан керуендер Астрахан, Сарай қалаларына қай бағытыен барғаны туралы дәл деректер жоқ. Бұның бір себебі археологиялық зерттеулер жүргізілмеуінде. Нарынның алып құм шағылдарын басып өтіп Еділге жеткен керуендерге қызмет көрсеткен керуен сарайлар мен жол тораптарын құм басып жатыр. Астрахандық археолог В.В.Плахов Солтүстік Каспий керуен жолының тармақтарын қарастырады. Сарайшықтан шықан жолдар, төменгі Еділ қалаларына баратын жол торабына тоғысқан дейді. B.В.Плахов көрсетуі бойынша Сарайшықтан батысқа 4 жол тармағы шыққан. Бірінші бағыт — Жайық өзенін жағалап солтүстіктен Жайық қаласына жеткен (Орал) қаласы маңында. Екінші бағыт — даламен жүріп отырып астаналық Сарай ал-Махруса және Сарай ал-Джедидке шыкты. Үшінші бағыт — Каспий теңізін жағалап отырып Хаджи Тархан (Астрахан) қаласына жетіп, әрі Қырым асты. Бұл жол қазіргі автотрасса болуы мүмкін. Бұл жолдарға керуен сарайлар қызмет етіп, тұшы құдықтар сумен камтамасыз еткен. Төртінші бағыт — су жолы болды, Каспий теңізі арқылы Иран, Әзірбайжан жағалауларына шыққан. Бұған осы ел жағалауларындағы кеме қалдықтары және XIV ғ. дирхемдері табылуы куә.
Батыста сауда жолында тұрған Сарайшыққа құрлықтағы сауда жолымен бірге теніз сауда жолы да тоғысты. Сарай - Сарайшық - Үргеніш сауда жолы туралы — Әулие Виктория монастырының монағы испандық Пасхалия жазбаларынан көруге болады. Ол: «С несколькими армиянами сел я на судно и отправился оттуда по реке Тигрис (Волга) и далее вдоль побережья морях Ватук (Бакук или Баку, т.е.Каспийское море), пока через 12 дней не прибыл в Сарайчик. От этого места я ехал на повозке, запряженной верблюдами (ехат ни этих животных просто отвратительно!), и 50-й день достиг Ураганта.Купцы и миссионеры Западной Европы в Кульдже, 1996. С.139.; Еманов, 1995. С.149 дейді. Бұл 1330 жылдың екінші жартысында болған еді. Ал, араб саяхатшысы Ибн-Батутаның бұл жолды арбамен он күнде жүріп өткені мәлім.
Қатал табиғаттық жағдайға байланысты бұл аймақтағы керуен сарайлар дамып қалаға айналмаған, бірақ олар қызметтерін мүлтіксіз атқарып керуендерге қызмет еткені айқын.
Дереккөздер
Санат:Атырау облысы тарихы Санат:Сауда жолдары