Happier Than Ever — америкалық әнші Билли Айлиштің екінші студиялық альбомы.
Оған кірген 16 әннің авторы Билли Айлиш пен ағасы Финнеас О’Коннелл болды. Финнеас әрі продюсер рөлін атқарды және барлық музыкалық аспаптармен сүйемелдеуді қамтамасыз етті.
Көп елдің чарттарында, оның ішінде АҚШ-тың Billboard 200 және Ұлыбританияның Official Charts тізімдерінде, бұл альбом 1-ші орынға көтерілді.
2022 жылы ол Грэмми сыйлығының жыл альбомы және үздік вокалды поп-альбом номинацияларына ілікті. Фаворит альбом номинациясында Nickelodeon Kids' Choice Awards сыйлығын жеңіп алды.
Альбомды жарнамалау мақсатымен 2021 жылдың қыркүйегінде Disney+ стримингінде Happier Than Ever: A Love Letter to Los Angeles () атты фильм шықты. Сонымен қатар 2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін арнайы концерттік тур өткізілді.
Композициялар тізімі
Дереккөздер
Санат:Билли Айлиш альбомдары