Адыге Хабзе () — адыгтардың (шеркестердің) этикалық-философиялық доктринасы, жазылмаған ережелер мен заңдар жиынтығы. Оған әдет-ғұрып құқығының нормалары да, жеке адамның мінез-құлқын және жалпы қоғам өмірінің нормаларын айқындайтын ақылақтық қағидалар да кіреді. Ол қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы әлеуметтік ережелер жиынтығын білдіреді, қарапайым тұрмыстық жағдайлардан бастап, мемлекеттік маңызы бар шешімдерге дейінгі мәселелерді реттейді. Сонымен қатар ережелер мен нормалар жиынтығы өзгермейтін тұрақты жүйе болып табылмайды және ұзақ уақыт бойы ешқандай дереккөзде бекітілмеген. Мақалға сәйкес, «хабзе тілдің ұшында жүрмейді (ол туралы айтпайды), оны сақтайды» ().

Адыге хабзенің құрамдас бөлігі — адыгалық (, ) — ар-намыс, ізгілік, адалдық, шынайылық, ұят, қоғамда өзін ұстай білу, сезімталдық, зейінділік, үлкендерді және қарама-қарсы жыныстағы адамдарды құрметтеу және т. б. қамтитын этикалық талаптар кешені.

Адыге Хабзені дамытып, сақтауға кеңес және ресейлік ғалым, кавказтанушы Барасби Хачимович Бгажноков «Адыгский этикет». Налшық, 1978, «Адыгская этика». Налшық, 1999, «Гуманистік этнологияның негіздері». Нальчик, 2003, «Мораль антропологиясы». Нальчик, 2010 атты еңбектерімен үлкен үлес қосты. Б. Х. Бгажноковтың «Адыгская этика» монографиясы автор «этикалық антропология» деп атаған бағыт аясында жазылған.

Б. Х. Бгажноков бойынша адыг этикасының бес қағидасы: Адамгершілік — цIыхугъэ. «Адамгершілігі бар адам адыгалыққа ие, ал адыгалыққа ие адам, керісінше, адамгершілікке ие». Ізетшілдік — нэмыс. Ең алдымен, бұл ұғым тәрбиелілікпен, қарапайымдылықпен, әдептілікпен, жақсы мінезімен байланыстырылып, адыгалыққа берілетін бағалар мен анықтамаларда үнемі көрініс табады. Мұхамед Сонов: «Адыгагъэр нэмысщ, лIыгъэщ, цIыхугъэщ», — дейді, бұл «Адыгалық — ізетшілдік, ерлік, адамгершілік» дегенді білдіреді. «Адыгалық» дегенде адамгершілік, ізетшілдік, жәрдем етушілік, сыпайылық, тәрбиелілік сияқты қасиеттердің болуы меңзеледі. Кейде адыгалық, адамгершілік пен ізетшілдіктің арасында түбегейлі айырмашылық жоқ деп айтылады (Лих Меров, Касух Ципинов, Жубатыр Ципинов). Ақыл — акъыл. Адыгалықты үлкен әрі міндетті түрде адамгершілікке бағытталған ақылсыз — акъыл, акъылыфIагъэ — елестету мүмкін емес деген түсінік бар. Мысалы, Ибрагим Ервас: «Адыгагъэр акъылщ, акъыл зимыIэм адыгагъэр хузехьэнукъым», — дейді, сөзбе-сөз: «Адыгалық — ақылдың мәні, ақылсыз адам бойында адыгалықты алып жүре алмайды». Ақылдылықты әлеуметтік тұрғыдан байыпты ойлаумен, «адамдар арасында болу өнері» деп аталатын цIыху хэтыкIэ ұғымымен байланыстырады. Бұл адамдармен қарым-қатынас барысында өмірдің өзекті мәселелерін сәтті шешу қабілетін білдіреді. Ерлік — лIыгъэ. Сауалнамаға қатысқандардың түсінігінде бұл ең алдымен өнегелілік тұрғыдан айқындалған қасиет болып саналады. Ол тек жауынгерлік ерлік пен батылдықты, мақсатқа жетудегі төзімділік пен табандылықты ғана емес, сонымен қатар әділдік, әдептілік, шыдамдылық сияқты қасиеттерді де қамтиды. «Мәртебелі ер» — лIыфI ұғымы енгізіледі, яғни жүрек жұтқан әрі адал, дана әрі кең пейілді, тәрбиелі әрі байсалды, адыгалық қасиеттерді толық бойына сіңірген адам (Ильяс Мельгош, Хабала Нибежев, Шамхат Коблева, Ереджиб Хушт және т. б.). Осы мағынада «адыгэлI» — сөзбе-сөз: «адыгтық еркек», «адыгалық ер адам» (Сахид Женетль, Аскер Хейри, Нурали Урусмамбетов және т. б.) ұғымы да қолданылады. Абырой — напэ. «Напэ» ұғымы сөзбе-сөз «бет» дегенді білдіріп, адыгалық ұғымының анықтамаларында «намыс», «ар-ұждан», «ұят» мағынасында үнемі кездеседі, салыстырыңыз: Адыгагъэр цIыхугъэщ, напэщ, нэмысщ — «Адыгалықтың мәні — адамгершілік, намыс, ізетшілдік» (Унат Курашинова); Адыгагъ зыфаIорэр напэ, щыпкъагъ, лIыгъэ — «Адыгалық деп намыс, адалдық, ерлік ұғынылады» (Нух Анчок).

Дәл шеркес тарихының христиандық кезеңінде Адыге Хабзенің ақылақтық қасиеттері Адыгалық этикасында (Адыгагъэ) шоғырланып, «діни міндет» сипатына ие болды. Соның нәтижесінде этика (Адыгагъэ — адамгершілік, ізетшілдік, ақылдылық, ерлік, абырой) шексіз құндылыққа айналды. Ұлттық дәстүрлердің құрамдас бөлігі ретінде христиандық ілімнің бір бөлігін сақтап қалған Адыгэ Хабзе этнос үшін тарихтың кейінгі кезеңінде құтқарушы мәнге ие болды (Фатима Озова, «Адыге Хабзенің даму факторлары», 2021).

Қазіргі уақытта доктринаны жаңғыртумен Адыге Хабзе қауымдастығының президенті, тілмаш, ғалым әрі Адыге Хабзе дәстүрі туралы бес кітаптың авторы Заур Жане айналысады.

Филология ғылымдарының докторы, РФ жазушылар одағының мүшесі, Налшық қ. жетекші ғылыми қызметкері Мадина Андреевна Хакуашева былай деп жазады: «Адыг әдебі — Кант ашқан сол құдайлық заңның өзі. Дәлірек айтқанда, ол бұл заңды анық тұжырымдап, ол туралы дауыстап мәлімдеді. Алайда Канттың дәуірінде, XVIII ғасырда адыгтарда мұндай заң мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп қана қоймай, ғұрып (культ) дәрежесіне көтеріліп, өмірдің мәніне айналған.

Адыге хабзе, адыг әдебі — әмбебап жалпыадамзаттық заң. Халқымыздың эволюциясының салыстырмалы түрде ерте кезеңдерінде негізгі, іргелі заң ретінде қабылданған. Оның бірегейлігі ерекше мәнінде немесе түпнұсқалығында емес, міндетті сипатында болып келеді. Адыгтарда бүге-шігесін қалдырмай жазылып, міндетті түрде орындалуға тиіс заң ретінде белгіленген. Ал басқа халықтарда адамгершілік заң күнделікті өмірде жүзеге асырылғаны жөн нәрсе ретінде қалып қояды. Кез келген халықта белгілі бір кезеңде міндетті сипатқа ие болған, алайда ресми мемлекеттік заңға айналмағандықтан, өзінің өткірлігін жоғалтып, міндетті емес нәрсе ретінде қабылдана бастаған».

Ал адыгтарда әуел бастан-ақ әрбір адамға және жалпы бүкіл қоғамға қойылатын қатаң талап сипатына ие болды. Оған барлық этикалық құндылықтар жүйесі бағындырылды. Адыг, сондай-ақ басқа да этикеттік мәдениеттер (испан, жапон және тағы бірнеше мәдениет) мен қалған мәдениеттердің арасындағы барлық айырмашылық дәл осында. Алайда бұл — түбегейлі айырмашылық болып келеді, өйткені мыңжылдық тарих бойында адығтың, шеркестің ерекше болмысын қалыптастырды, ал оның өмір сүруінің негізгі міндетті шарты адамгершілік заң болды».

Адыге Хабзенің негізгі ережелері мен қағидалары (Заур Жане бойынша) Абырой Сенің абыройың — сенің жүзің. Хабзені білетін адам үшін абыройдан (напэ) қымбат ештеңе жоқ. Абырой мен қадір-қасиет сұрап та, сатып алып та иеленбейді. Олар күн сайынғы еңбектің және соған лайық болудың арқасында қалыптасады, алайда бір сәттік қателіктен олардан айырылып қалуға болады. Ер адам болсаң да, әйел болсаң да, абыройыңды бағала және оны қорға. Абырой үшін өміріңді құрбан етуге болады, бірақ абыройсыз өмір сүруге болмайды, өйткені Хабзені білетін адам абыройсыз өмір сүре алмайды. Өйткені жүрегінен айырылған дене қалай өмір сүре алады? Іс-әрекеттерің зұлымдықтан ада болсын. Әр ісің ізгілікке ұмтылатыныңды көрсетсін. Абыройды адалдықсыз елестету мүмкін емес. Есіңде болсын: әрбір сөзің адамдардың сен туралы пікірін қалыптастырады. Айтқан өтірігің адамдардың саған деген сенімін жояды, сөйтіп сен құрмет пен абыройдан айырыласың. Сөздеріңнің қадірін білмесең, өз қадіріңді де білмейсің. Егер сенің сөзіңе желдің бір лебіндей де мән бермесе, өзіңе жоғары баға беруді талап етпе. Кейде шындықтың ақымақтықпен қатар жүретіні рас. Бірін екіншісінен ажыратып, Хабзені басшылыққа ала отырып, дұрыс таңдау жасай аласың. Абырой — адамның өзгелердің құрметіне ие болуына және қоғамдағы мәртебесінің жоғарылауына себеп болатын моральдық қасиеттер жиынтығы.

Үлкендерді құрметтеу Ата-анаңа, әсіресе олар қартайған кезде, құрметпен қарауың керек. Олардың саған өмір сыйлағанын және сенің олардың тәні мен қаны екеніңді ұмытпа. Ата-анаға деген қарым-қатынас — сенің Хабзені қаншалықты ұстанатыныңның алғашқы көрсеткіші. Мұны ұмытқан адам жексұрын болсын! Жасы үлкендердің барлығын құрметтеуің керек, тіпті олардың жасы сенен бір жыл ғана үлкен болса да, өйткені олар ата-бабаларға, демек, Хабзеге де жақынырақ. Үлкендерді құрметтеу арқылы өз әулетіңнің ұрпақтары мен бастау-тегіңді құрметтейсің. Есіңде болсын: өзгелерге қалай сый көрсетсең, саған да солай қайтарылады. Хабзені білетін адам ақ шаш пен жастықтың арасындағы айырмашылық жойылатын шектен аттамасын. Үлкенді құрметтеу — сенен көбірек өмір сүрген, өмірлік тәжірибесі мол әрі көптеген мәселелерде ақылы толысқан адамды құрметтеу. Үлкен адамның кеңесі өз ақыл-ойыңмен ұзақ уақыт шешетін мәселеңді тезірек шешуге көмектесуі немесе сені қате жолға түсуден сақтауы мүмкін. Үлкен адам сені мақсатыңа жеткізетін жолды көрсете алады. Ол сенен бұрын көбірек қателік жасап үлгерді және сол қателіктерден қалай сақтану керектігін жақсы біледі. Адам сенен жасы үлкен болса, сенің мәселелеріңді түсіне алмайды деп ойлама. Өмір өзгеріп отырады, бірақ адам жаратылғаннан бері адамзат тіршілігінің негізгі қағидалары өзгерген жоқ. Үлкен адамға жүгін, оның сөзін тыңдай білуді үйрен, сонда оның көмегінсіз жоғалтатыныңнан әлдеқайда көп нәрсеге ие боласың. Үлкендерді құрметтеу олардың іс-әрекеттеріне сыни баға беруден бас тарту дегенді білдірмейді. Ешбір адам сыннан тыс бола алмайды, соның ішінде жасы үлкен адам да. Үлкен адамға деген құрметтің ең жоғары көрінісі — оның сөзі немесе іс-әрекеті туралы өзіңнің теріс пікіріңді оған реніш немесе қорлау келтірмейтін түрде жеткізе білу. Мысалы, сен қандай да бір мәселені шешудің үлкен адам ұсынған тәсілін ең жақсы тәсіл емес деп санайсың және оны шешудің тиімдірек нұсқасын ұсына аласың. Мұндай жағдайда былай айтуға болады: «Кешіріңіз, құрметті аға, менде бұл мәселе мен оны шешу жолдары туралы басқа көзқарас қалыптасты, оның үстіне, мен қателесуім де мүмкін. Менің ойымша, … Егер менің пікірім ескерілсе, көрсеткен назарыңыз бен құрметіңіз үшін ризашылығымды білдіремін». Даулы мәселе туралы сөйлескенде тек салмақты дәлелдерге назар аудару керек, еш жағдайда адамның жеке басына қатысты сипаттамаларға жүгінуге болмайды. Мұндай тәсіл, біріншіден, өз пікіріңді үлкен адамға жеткізуге, екіншіден, пікірің құрметсіз түрде айтылғандықтан, оның пікіріңді бірден қабылдамай қоюына жол бермейді. Егер өзіңнің дұрыстығыңа сенімді болсаң әрі үлкен адамның өз райынан қайтпайтынын көрсең, жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін бос дауға араласпа. Бірақ өз пікіріңнен де бас тартпа. «Кешіріңіз, құрметті аға, сіз, бәлкім, дұрыс айтасыз, бірақ менің жасым мен ақылым сіз түсінетін мағынадағы ақиқатқа әлі жетуге мүмкіндік бермейді. Сізбен бұл әңгімені жалғастыру үшін маған уақыт керек деп ойлаймын», — де. Егер қағида тұрғысынан таңдау жасауды талап ететін мәселе туындаса, Хабзенің бұзылып-бұзылмайтынына сүйену керек. Хабзені білетіндердің ішіндегі ең дана әрі солай деп танылған адам ғана қандай да бір әрекеттердің Хабзе қағидаларына сәйкес келетін-келмейтінін шеше алады. Хабзені бұзғаны мойындалған дауласушы тарап шешім қабылдау құқығын екінші тарапқа беруге міндетті. Хабзенің қағидалары және тек солар ғана Хабзені білетін адамның кез келген әрекетінің, соның ішінде үлкендермен қарым-қатынасының да дұрыстығын анықтайтын өлшем болып табылады. Ата-ана. Барлығы ата-анасын жақсы көреді. Адамды жай ғана жақсы көруге болады, бірақ өз сезіміңді еш нәрсемен білдірмеуге де болады. Кейбір адамдар өз сезімін білдіруге ұялады. Кез келген нәрседен ұялуға болады, бірақ бұдан ұялмау керек. Әке мен баланың қарым-қатынасы сырт көзге қатал, нәзіктік танытуға жол бермейтіндей болуы тиіс, өйткені әке баласында рухы мықты жауынгерді тәрбиелейді. Бірақ әке мен баланың жүрегі бір-біріне ашық болуы керек. Ұлы әкесінен өзінің игі бастамаларына қолдау көрсетілетінін сезінуі тиіс, ал әке ұлы шешім қабылдамас бұрын әкесінің жанын жаралап, оның атына кір келтірмеу үшін ойланады деп сенімді болуы керек. Сүйіспеншіліктің барлық сыртқы белгілерін көрсетуге болатын әрі көрсету қажет адам — ана. Анаңа деген мейірімділігіңді шектеме. Қандай да бір қадам жасамас бұрын, анаңның оған қалай қарайтынын ойла. Егер іс-әрекетің оған ауыр тиеді деп ойласаң, одан бас тарт. Егер өзіңнің дұрыстығыңа сенімді болсаң, алдымен соған анаңның көзін жеткіз.

Әйел