Аялы (башқ. әйле, сіб.-тат. айалы, татар. әйле, айлы) - башқұрттардың, сібір және қазан татарларының этногенезіне қатысқан тайпа.
Тарихы
Тайпаның Оралға жаппай қоныс аударуы IX-XI ғасырларға сәйкес келеді. XVI-XVIII ғасырларда аялы тайпасының басым бөлігі Оралдың шығысы мен Башқұртстанның батысында қоныстанды. XVIII ғасырдың ортасында тайпаның жекелеген рулары Үй және Тобылдың бойындағы орманды далаларға көшіп кетті.
Аялы тайпасының мекендеген аймақтарында қазіргі Башқұртстан Республикасының Салауат, Кигин, Дуан, Белокатай, Туймазин аудандары, Челябі облысының Соснов, Шұбаркүл, Красноармейский, Кунашак, Кусин, Аргаяш аудандары, Қорған облысының Сафакулев және Альменев аудандары орналасқан.
Әдебиет
История башкирских родов. Айле, Тырнаклы, Тубаляс. Том 25. Часть 1 / С. И. Хамидуллин, Б. А. Азнабаев, И. Р. Саитбатталов, И. З. Султанмуратов, Р. Р. Шайхеев, Р. Р. Асылгужин, В. Г. Волков, А. А. Каримов, А. М. Зайнуллин. — Уфа: ИИЯЛ УНЦ РАН; Китап, 2017. — 752 с.: илл Кузеев Р. Г. Происхождение башкирского народа. Этнический состав, история расселения. М., 1974; Янғужин Р. З. Башҡорт ырыуҙары: ҡыҫкаса тарихи-этнографик очерктар. Өфө, 1998;
Санат:Башқұрт тайпалары