Hot Adult Contemporary Tracks — Billboard журналының америкалық хит-парады. Ол 1961 жылдан бастап АҚШ радиоларында ең көп ойналатын Adult Contemporary (ересектерге арналған заманауи поп-рок) стиліндегі әндер негізінде құрастырылады.

Тарихы Алғаш рет бұл хит-парад Billboard журналының беттерінде 1961 жылы 17 шілдеде Easy listening (жеңіл музыка) деген атпен жарық көрді. Ол 1950 жылдардың аяғы мен 1960 жылдардың басында кейбір радиостанциялардың өзекті хит әндерін ойнауды жалғастыруға деген ұмтылысынан туды, бірақ өзін «рок-н-роллдық» деп атамады. Сол кезде Billboard осы тенденция туралы мақалалар жазды және журнал редакторлары 1961 жылдан бастап осы әндер үшін бөлек чарт жариялауға шешім қабылдады. 1961 жылдың 9 қаңтарынан бастап журнал шілде айында нөмірленген чарт пайда болғанға дейін жалғасқан «Easy Listening» бағдарламалық нұсқаулығын ұсынды.Hyatt, Wesley (1999). The Billboard Book of #1 Adult Contemporary Hits (Billboard Publications) Хит-парадты басқарған алғашқы ән Брук Бентонның орындауындағы «The Boll Weevil Song» синглі болды.

Adult Contemporary чарты бірнеше ондаған жылдар бойы атауларында бірнеше өзгерістерді бастан өткерді, атап айтқанда: «Easy Listening» (1961—1962; 1965—1979), «Middle-Road Singles» (1962—1964), «Pop-Standard Singles» (1964—1965), «Hot Adult Contemporary Tracks» (1979—1982) және «Adult Contemporary» (1983 жылдан қазіргі уақытқа дейін).

1960 жылдар 1960 жылдары хит-парадты Элвис Пресли, Конни Фрэнсис, Дин Мартин, Энди Уильямс, The 5th Dimension, Глен Кемпбелл бірнеше рет басқарды. Поль Морианың орындауындағы «Love Is Blue» суперхиті 1968 жылы хит-парадтың шыңында 11 апта бойы қалды. Бұл рекорд 1993 жылға дейін сақталды.

1990 жылдар 1990 жылдары хит-парадты ең көп уақыт бойы басқарған синглдер:

«The River of Dreams» — Билли Джоэл (12 апта, 1993); «Said I Loved You...But I Lied» — Майкл Болтон (12 апта, 1993); «Change the World» — Эрик Клэптон (13 апта, 1996); «Because You Loved Me» — Селин Дион (19 апта, 1996); «Un-Break My Heart» — Тони Брекстон (14 апта, 1997).

2000 жылдар

Хит-парадтың бірінші орнында ең көп апта болу рекорды тобына тиесілі: олардың 2003 жылы шыққан «» (1973) хитының ремейкі 28 апта бойы жоғарғы қатарда болды.«Mariah’s holds off newcomer on singles chart» Article by Barry A. Jeckell (Billboard), 21 July 2005, RedOrbit.com. Retrieved 17 June 2009. Селин Дионның «A New Day Has Come» (2002) және Келли Кларксонның «Breakaway» (2005) әндері хит-парадты 21 апта бойы басқарды.

Рекордтар Селин Дионның әндері хит-парадты жалпы есепте 87 апта бойы басқарды, бұл абсолютті рекорд болып табылады. Адель бұл көрсеткіш бойынша екінші орында (83 апта), ал Эд Ширан үшінші орында (67 апта) келеді. Хиттер саны бойынша бірінші және екінші орынды Элтон Джон (18 ән) және The Carpenters (15 ән) иеленуде.Whitburn, J. (2007). Billboard Top Adult Songs 1961—2006 (Record Research Inc.), page 373.

№ 1 позициядағы апталар саны бойынша синглдер 1961—2022 жылдардағы № 1 позициядағы апталар саны бойынша хит-парад көшбасшылары:

№ 1 орындағы апталар саны Әні Орындаушы Күні Сілтемесі 36 «Girls Like You» Maroon 5 Карди Би қатысуымен 10 қараша 2018 35 «Blinding Lights» The Weeknd 7 қараша 2020 28 «» қатысуымен 7 маусым 2003 24 «Shape of You» Эд Ширан 6 мамыр 2017 «Easy on Me»Адель13 қараша 2021 22 «Hey, Soul Sister» Train 3 шілде 2010 «Perfect» Эд Ширан 24 ақпан 2018 21 «A New Day Has Come» Селин Дион 30 наурыз 2002 «Breakaway» Келли Кларксон 12 наурыз 2005 «Hello» Адель 28 қараша 2015 20 «Just the Way You Are» Бруно Марс 5 ақпан 2011 «» Maroon 5 21 наурыз 2020

Чартта ең көп хитке ие болған орындаушылар Хит-парадты ең көп басқарған әндер саны бар музыканттардың тізімі (чарттопперлер):

Әндері Орындаушысы Сілтемесі 18 Элтон Джон 15 The Carpenters 13 Барри Манилоу 11 Селин Дион Лайонел Ричи 10 Уитни Хьюстон

Хит-парадты ең көп апта бойы басқарған орындаушылар Хит-парадты басқарған барлық әндерінің жалпы қосындысы бойынша ең көп апта көш бастаған музыканттардың тізімі:

Апталары Орындаушысы Сілтемесі 87 Селин Дион 83 Адель 67 Эд Ширан 64 Элтон Джон 62 Maroon 5 47 Лайонел Ричи 46 Тейлор Свифт 43 Фил Колинз Фейт Хилл

Хит-парадтағы синглдерінің жалпы саны бойынша орындаушылар Хит-парадқа енген әндерінің саны ең көп музыканттардың тізімі:

Апталары Орындаушысы Сілтемесі 76 Элтон Джон 64 Барбра Стрейзанд 53 Элвис Пресли 50 Барри Манилоу Джонни Мэтис

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Осы аптадағы хит-парад

Санат:Billboard чарттары