Күлтелі кекіре — екіжылдық шөптесін өсімдік, көбінесе шабындықта өседі. Мүйізді кекіре мен көк кекіре – біржылдық шөптесін өсімдіктер. Бұлардың күздік және жаздық түрлері болады. Астық пен зығыр егістіктерінде арамшөп ретінде өседі. Гүлшоғырының шеттеріндегі түтікшелі және шұңғылша тәрізді (қынапты) күлтебастары гүлге әсем, оймышталған «тәж» немесе шеңбер пішін береді.Ақтөбе облысы. Мұғалжар ауданы: энциклопедия. – Алматы: «Полиграфкомбинат» ЖШС, 2011. ISBN 978-601-061340-9
Бұл жабайы өсімдік - біздің шалғындарымыздың ең төзімді мекендеушілерінің бірі. Гүлдері тозаңдандырушы жәндіктердің сүйікті асы, өйткені ол жоғары сапалы шірненің (нектардың) көзі болып табылады. Аралар, көбелектер мен қоңыздарға қолдау көрсетумен қатар, оның тұқымдары көптеген құстарды да азықпен қамтамасыз етеді.https://www.plantlife.org.uk/plants-and-fungi/common-knapweed/
Дереккөздер