Адольф Фридрих Иоганн Бутенандт (; 24 наурыз 1903, Бремерхавен — 18 қаңтар 1995, Мюнхен ) — неміс биохимик . және химик-органик.
Өмірбаян 1931—1933 жылдары Геттинген университетінде доцент, ал 1933—1936 жылдары Данцигтегі (қазіргі Гданьск) Жоғары техникалық мектепте профессор болды. Содан кейін Берлинде (1936—1944), Тюбингенде (1944—1956) және Мюнхенде (1956 жылдан бастап) биохимия институттарының директоры болды. 1960 жылдан 1972 жылға дейін Макс Планк қоғамының президенті болды.
Негізгі жұмыстар Жұмыстар жыныстық гормондардың химиясына арналған. Бутенандт адам зәрінен андростерон мен дегидроэпиандростеронды бөліп алды (1931), олардың химиялық құрылымын зерттеді, еркек жыныстық гормоны тестостеронды синтездеді және 1934 жылы сары дене гормоны — прогестеронды таза түрінде алды.
Еңбекті мойындау Химия бойынша Нобель сыйлығы (1939; швейцариялық ғалым Л. Ружичкамен бірлесіп). Бутенандттың жәндіктердегі гормоналды заттардың биохимиясын зерттеуі 1953 жылы П. Эрлих атындағы сыйлыққа ие болды.
Сілтемелер Нобель сайтындағы ақпарат Санат:Геттинген ғылым академиясының мүшелері Санат:Леополдина мүшелері Санат:Пруссия ғылым академиясының мүшелері Санат:Жапон ғылым академиясының құрметті мүшелері Санат:Лондон корольдік қоғамының шетелдік мүшелері Санат:Химиядан Нобель сыйлығының иегерлері Санат:ГФР сіңірген еңбегі үшін ордені үлкен крестінің кавалерлері Санат:Германия биохимиктері