Асхат Нұрмағамбетұлы Рақымжанов (10 маусым 1983, Целиноград) — қазақстандық саясаткер және саясаттанушы, 2019 жылдан бастап Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) төрағасы және 2026 жылғы тамыздан бастап ЖСДП атынан сайланған 1-шақырылған Құрылтай депутаты. Бұдан бұрын Рақымжанов Мәжілістің VIII шақырылым депутаты (2023–2026) және Астанадағы ЖСДП филиалының төрағасы болатын.
Өмірбаяны Асхат Рақымжанов 1983 жылғы 10 маусымда Целиноград қаласында дүниеге келген.
2005 жылы ол Еуразия ұлттық университетіндегі оқуын бітіріп, саясаттанушы атанды.
Еңбек жолын 2006 жылы «MOS Print House» ЖШС менеджері болып бастаған.
Жұмысын 2008 жылы «Vita Cleaning» ЖШС менеджері, 2008–2009 жылдары «M-Line Property Management» ЖШС маркетологі, менеджері, 2009–2010 жылдары «Standart» ЖШС директоры, 2010 жылы «Петропавл орман компаниясы» ЖШС коммерциялық директоры болып жалғастырды. 2010–2011 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысты.
2012–2019 жылдары Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Астана қалалық филиалына басшылық етті. Сондай-ақ партия төрағасының орынбасары болды.
2019 жылғы 6 қыркүйектегі ЖСДП-ның кезектен тыс 15-съезінде делегаттар Рақымжановты Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы қылып сайлады. Бұрынғы төраға Ермұрат Бапи бұны «заңсыз» деп есептеді.
2023 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде ол 2023 жылғы 28 наурызда Парламент Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты болып сайланады.
2026 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде Рақымжанов ЖСДП партиялық тізімі арқылы 2026 жылғы 27 тамызда Қазақстан Құрылтайының депутаты атанады. Бұдан бөлек ол — Құрылтайдағы ЖСДП фракциясының жетекшісі, Құрылтайдың Әлеуметтік-мәдени даму комитеті төрағасының орынбасары.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VIII шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Құрылтайының I шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан саясаттанушылары Санат:Еуразия ұлттық университеті түлектері Санат:Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның мүшелері