Михаил Осипович (Иосифович) Стакун (1893, Нидяны ауылы, Вильна уезі, Вильна губерниясы, Ресей империясы — 27 сәуір 1943, Тамбов, Тамбов облысы, РКФСР, КСРО) — кеңестік мемлекет және партия қайраткері.

Өмірбаяны 1893 жылы Ресей империясы Вильна губерниясы, Вильна уезінің Нидяны ауылында (қазіргі Беларус Республикасы, Гродно облысы, Островец ауданы, Ворнянский ауылдық кеңесінің құрамындағы ауыл) дүниеге келді.

Білімі 1930-1932 жылдары БК(б)П ОК жанындағы марксизм-ленинизм курстарында оқыды.

Еңбек жолы 1912 жылы тұтқындалды.

1913 жылы Рига қаласына екі жыл мерзімге әкімшілік жер аударуға сотталды.

1916 жылы тағы да қамауға алынды.

1917 жылдың қаңтарынан бастап Ресей армиясының қатарында әскери борышын өтеді.

1917–1918 жылдары — Қызыл гвардия қатарында (Петроград), Выборг аудандық кеңесі атқару комитетінің мүшесі (Петроград), қазынашы, Выборг ауданы Қызыл гвардиясы штабының мүшесі (Петроград) болды.

1918 жылы — Әскерді жабдықтау орталық басқармасының азық-түлік жөніндегі комиссары болып жұмыс істеді.

1918 жылы — ЖШҚӘ Әскери-шаруашылық басқармасының комиссары қызметін атқарды.

1918 жылы — 12-армиядағы Революциялық әскери кеңесінің мүшесі болды.

1918 жылы — Пенза губерниялық азық-түлік комитеті алқасының мүшесі, содан соң Константиновоның азық-түлік жөніндегі комиссары, бұдан кейін Миллеровоның (Дон облысы) азық-түлік жөніндегі комиссары болып еңбек етті.

1923 жылға дейін — Новочеркасск округінің (Дон облысы) азық-түлік жөніндегі комиссары болып істеді.

1923–1924 жылдары — РК(б)П Новочеркасск округтік комитетінің жауапты хатшысы (Дон облысы) лауазымында мехнат қылды.

1924–1927 жылдары — РК(б)П – БК(б)П Солтүстік Кавказ өлкелік бақылау комиссиясы төралқасының мүшесі болды.

1927–1929 жылдары — БК(б)П Ставрополь округтік комитетінің жауапты хатшысы болып еңбектенді.

1929 жылдан бастап — БК(б)П Солтүстік Кавказ өлкелік комитетінде жұмыс істеді.

1930 жылдың қыркүйегіне дейін — БК(б)П Чита округтік комитетінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.

1932–1934 жылдары — БК(б)П Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің 1-хатшысы болып күн көрді.

1935 жылдың қаңтарынан — 1935 жылдың маусымына дейін — КСРО Ауыр өнеркәсіп халық комиссариатының Белорус КСР бойынша уәкілі болып еңбек етті.

1935 жылдың маусымынан — 1937 жылға дейін Беларус К(б)П Гомель қалалық комитетінің 1-хатшысы лауазымында мехнат қылды.

1937 жылдың 25 қазанына дейін — Беларус К(б)П ОК мүшесі болып істеді.

1937 жылдың 19 маусымынан — 1937 жылдың 25 қазанына дейін Беларус К(б)П ОК Бюросының мүшесі болып еңбек етті.

1937 жылдың 7 шілдесіненБеларус КСР ОАК XI шақырылымдағы VI сессиясының қаулысы. — 1937 жылдың 13 қарашасына1937 жылдың 13 қарашасындағы Беларус КСР ОАК XI шақырылымдағы VII сессиясының қаулысы. дейін Беларус КСР ОАК төрағасы қызметін атқарды.

1937 жылдан 1938 жылдың тамызына дейін — «Росснабсбыт» кеңсесінің Орёл облыстық бөлімшесінің басқарушысы болып еңбектенді.

1938 жылдың 14 тамызында тұтқындалды.

1940 жылдың 29 шілдесінде сотталдыАшимбаев Д. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия 2007 - 2008. Издание десятое, дополненное. Алматы, 2008.

1943 жылы Тамбов қаласының түрмесінде дүние салды.

Дереккөздер

Сілтемелер Михаил Стакун. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.

Санат:Большевиктер Санат:БК(б)П XVII съезінің делегаттары Санат:Беларус КСР компартиясы ОК Бюро мүшелері Санат:КСРО-да қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекеттік органдар жетекшілері Санат:КСРО ОАК төрағалары Санат:Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Беларус КСР КП Гомел қалалық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Беларус КСР үкімет басшылары Санат:КСРО түрмелерінде қайтыс болғандар Санат:Беларус КСР ОАК төрағалары Санат:РСДЖП мүшелері