«Елес аулаушылар» () — Дэн Эйкройд пен Гарольд Рамистің сценарийі бойынша режиссер Айван Райтман түсірген 1984 жылғы америкалық фантастикалық комедия. Сценарий авторлары фильмде басты рөлдердің бірін де сомдаған. Басқа рөлдерді Билл Мюррей, Сигурни Уивер, Эрни Хадсон және Рик Моранис ойнады. Сюжет Нью-Йоркте елес аулаумен айналысатын кәсіпорын ашқан үш эксцентрикті әуесқой парапсихолог туралы баяндайды.

Бала күнінен паранормальды құбылыстарға әуес болған Эйкройд фильм идеясын 80-жылдардың басында-ақ ойластырған еді, алайда оның бастапқы нұсқасы түбегейлі өзгеріске ұшырады. Бұл қымбат спецэффектілер қолданылған алғашқы комедиялық фильм болатын, сондықтан Columbia Pictures басшылығы үлкен бюджетті ескере отырып, оның кассалық табысына күмәнмен қарады. Түсірілім жұмыстары 1983 жылдың қазаны мен 1984 жылдың қаңтары аралығында Нью-Йорк және Лос-Анджелес қалаларында өтті.

Фильм 1984 жылы 8 маусымда АҚШ-та прокатқа шығып, сыншылардың жоғары бағасына ие болды, сондай-ақ бірнеше марапаттарды бағындырып, нағыз мәдени құбылысқа айналды. Таспаның комедия, экшн және қорқынышты фильм жанрларын сәтті ұштастырғаны, сонымен қатар Билл Мюррейдің актерлік шеберлігі ерекше атап өтілді. Прокат кезінде картина 282,2 миллион доллар жинап, сол уақыттағы ең табысты комедия және 1984 жылы АҚШ пен Канадада ең көп касса жинаған екінші фильм болды. Сондай-ақ, жеті апта қатарынан прокат көшбасшысы болып, 1984 жылы 100 миллион доллардан астам қаражат тапқан төрт туындының қатарына енді. Ал кинотеатрлардағы қосымша көрсетілімдер оның жалпы кірісін шамамен 295 миллион долларға дейін жеткізді.

2015 жылы АҚШ Конгресс кітапханасы бұл туындыны ерекше мәдени маңызы бар фильм ретінде Ұлттық фильмдер тізіліміне енгізіп, сақтауға таңдады. Композитор кіші Рэй Паркер осы картинаға арнап шығарған Ghostbusters атты басты саундтрегі де нағыз музыкалық хитке айналды.

Сюжеті Нью-Йорктегі Колумбия университетінің үш жас ғалымы — Игон Спенглер, Рэй Стэнц және Питер Венкман — паранормальды құбылыстарды зерттеумен айналысады. Олар әсіресе елестерге қатты қызығады және осы овереттік әлем бағытында көптеген ізденістер жүргізеді. Бұл зерттеулерін «ақымақтық әрі қорлық» деп санаған университет басшылығы оларды жұмыстан қуып жібергеннен кейін, ғалымдар жинақтаған білімдеріне сүйеніп, өз ісін бастауға бел буады. Олар бұрын өрт сөндіру қызметіне тиесілі болған үш қабатты ғимаратты жалға алып, 1959 жылғы ескі Cadillac Miller-Meteor[ағылш.] жедел жәрдем көлігін сатып алады да, теледидардан жарнама береді. Алғашында бұл әрекет айналадағыларға ерсі көрінеді, сондықтан өздерін «Охотники за привидениями» деп атаған топқа алғашқы тапсырысты ұзақ күтуге тура келеді.

Көп ұзамай Дана Баррет есімді жас әйел оларға келіп, өз пәтерінде орын алған ерекше құбылыс туралы баяндайды: бірде ол тоңазытқышының ішінен жасыл жалынға оранған басқа әлемнің порталын және тек «Зуул» деген жалғыз сөзді айтқан қорқынышты мақұлықты көреді. Алайда Питер пәтерді алғаш тексерген кезде ешқандай оғаш нәрсе таба алмайды.

Күтпеген жерден Нью-Йорк пен оған іргелес бірнеше қаланы паранормальды белсенділік толқыны басып қалады — елестер барлық жерде пайда бола бастайды. Аңшыларды бір қонақүйге шақыртады, онда олар арнайы құрастырылған құрылғылардың көмегімен аруақтардың бірін сәтті ұстап алады. Осы оқиғадан кейін аңшылардың ісі өрге басып, олар күндіз-түні шақыртуларға шығады, өз бизнесін кеңейтеді. Фирманың логотипі теледидар экрандары мен газет беттерінен түспейтін болады, ал артып келе жатқан сұранысты игеру үшін олар қатарларына төртінші мүше — Уинстон Зеддморды қосып алады.

Дегенмен, аңшылардың кеңсесіне қалалық қоршаған ортаны қорғау инспекциясының өкілі Уолтер Пек келіп, мекеменің жұмысын тоқтатуды талап етеді. Бұған аңшылардың өз жұмысында ядролық отынмен істейтін құрылғыны пайдаланатыны себеп болады. Аңшыларды «шарлатандар» деп айыптаған Пек кеңсені қалалық электр желісінен ажыратуға мәжбүрлейді, соның салдарынан ұсталған елестердің бәрі арнайы қоймадан сыртқа лап қояды.

Сонымен қатар, Питер Данаға қырындауға тырысады, бірақ әйелді жын-перілер билеп-төстеп алады да, ол өзін «Привратник» (Gatekeeper) деп атай бастайды. Оның көршісі, қарапайым есепші Луис Тулли де тылсым күштердің әсерінен кейін «Ключник» (Key Master) болып шыға келеді.

Қалада дүрбелең басталып, Дана тұратын ғимараттың маңы хаостың эпицентріне айналады. Бұл зәулім үйді сәулетші кезінде әдейі овереттік әлемге ашылатын портал ретінде жобалаған екен. Қала мэрдің қолдауына ие болған аңшылар қаланы елестер шабуылынан құтқару үшін сол ғимаратқа қарай аттанады.

Привратник пен Ключник қаланы шарпыған тәртіпсіздіктердің ортасында бір-бірін тауып, ежелгі шумер құдайы — жойғыш Гозермен кездеседі. Басқа әлемнен Гозер әйел бейнесінде портал арқылы келген сәтте, төрт аңшы зәулім ғимараттың төбесінде бой көрсетеді. Аңшылар оған қарсы тұруға тырысқанымен, әрекеттерінен ештеңе шықпайды. Гозер олардың ойлары материалданып, өзінің еркін орындайтын және қаланы қирататын мақұлыққа айналатынын айтады. Аңшылар ештеңе ойламауға тырысады, бірақ Рэй кездейсоқ зефир адамын көз алдына елестетеді. Балалық шақ қиялындағы зиянсыз тіршілік иесі Нью-Йорк көшелерінде жолындағының бәрін жайпап өтетін алып құбыжық бейнесінде пайда болады. Өз қаруларының плазмалық сәулелерін оған бағыттаған аңшылар алдымен оны, содан кейін Гозердің өзін жеңеді. Нью-Йорк көшелеріне қайтадан бейбітшілік пен тәртіп орнайды. Питер құтқарылған Данамен қауышады, ал қала тұрғындары жеңімпаздарға құрмет көрсетеді.

Рөлдерде Елес аулаушылар: Билл Мюррей — Питер Венкман Дэн Эйкройд — Рэймонд «Рэй» Стэнц Гарольд Рамис — Игон Спенглер Эрни Хадсон — Уинстон Зеддмор Сигурни Уивер — Дана Баррет Рик Моранис — Луис Тулли Энни Поттс — Джанин Мелниц Уильям Атертон — Уолтер Пэк Дэвид Маргулис — мэр Нью-Йорка Славица Йован — Гозер (дыбыстау — Падди Эдвардс) Элис Драммонд — кітапханашы Дженнифер Раньон — Дженнифер, тәжірибелік студент Камео: Роджер Гримсби, Ларри Кинг, Джо Франклин, Кэйси Касэм

Фильм жасаушылары Режиссёры: Айван Райтман Продюсеры: Берни Бриллштейн, Майкл С. Гросс, Джо Медьяк, Айван Райтман Сценарийші: Дэн Эйкройд, Гарольд Рамис Операторы: Ласло Ковач Композиторы: Бобби Алесси, Элмер Бернстайн, Дэвид Фостер Редакторы: Суретші: Арнайы әсерлер: Ричард Эдланд, Чак Гаспар

Идеяның әзірленуі мен дамуы Бастапқы нұсқасын танымал «Saturday Night Live» телешоуының жұлдызы Дэн Эйкройд әзірледі, ол дәл осы кезеңде әртүрлі паранормальды құбылыстарға қатты әуестенген еді.Shay, Don (1985). Making Ghostbusters, New York: New York Zoetrope. ISBN 0-918432-68-5 Сценарийдің бірінші нұсқасы алып елестер мен құбыжықтарды тоқтату үшін болашақ пен өткенге саяхаттайтын уақыт жиһанкездерінің төңірегінде өрбіді. Сюжет «Ghost Mashers» яғни «Елес басушылар» деп аталғанымен, ол сәтсіз жоба деп есептелді. Эйкройд бұл сценарийді өзіне және «Saturday Night Live» шоуында табысып, кейін «The Blues Brothers» ұжымында бірге өнер көрсеткен досы Джон Белушиге арнап жазған болатын. Бірінші нұсқада жойғыш ұшақпен ұшуды қоса алғанда, өте көп қымбат спецэффектілер қарастырылды, бұл фильм бюджетіне мүлдем сыймады. Продюсер Айван Райтман Эйкройдқа тек негізгі идеяны қалдырып, сценарийді қайта өңдеуге көмектесті. Түсірілім жұмыстары басталып кеткен кезде Columbia студиясының өкілдері 1975 жылы экранға сюжеті сәл ұқсас келетін Ghost Busters атты балалар сериалының шыққанын анықтайды. Атауды лицензиялау мәселесі 1984 жылғы фильм прокатқа шыққанға дейін толық шешімін тапты.The New ‘Ghostbusters’ Didn’t Ruin ‘Ghostbusters,’ The Original ‘Ghost Busters’ Did

Эйкройд пен Рамис бастапқыда сценарийдегі рөлдерді Белуши, Эдди Мерфи мен Джон Кэндиге арнап жазған еді. Алайда Белуши сценарийді әзірлеу барысында қайтыс болды, ал Мерфи мен Кэнди жобаға қатысудан бас тартты, содан кейін Эйкройд пен Рамис сюжетті ғылыми фантастика бағытына қарай бейімдеп, өзгерістер енгізді. Жобаға Питер Венкманның рөлін сомдау үшін Билл Мюррей де шақыртылды, ол өз кейіпкерін өте сәтті ашып, түсірілім кезінде жиі импровизация жасап отырды. Луис Туллидің бейнесі әуелде комедия актері Джон Кэнди ойнайтын, іскерлік костюм киген консервативті адам ретінде жоспарланған болатын. Бірақ ол бұл рөлді алып кете алмағандықтан, оның орнына Рик Моранисті бекіту туралы шешім қабылданды, ол кейіннен Гозер құдайының көмекшісі Ключник яғни (ит) бейнесін де сомдап шықты. Гозердің өз образы да қатты өзгеріске ұшырады — бастапқы нұсқада бұл Дана мен Луис тұратын үйдің жобасын жасаған Гозер культінің жетекшісі Иво Шандор болуы тиіс еді және бұл рөлді Пол Рубенс ойнайды деп күтілген. Ақыр соңында, бұл кейіпкерді югославиялық модель Славица Йован сомдаған Гозердің өзіне ауыстырды.

Гарольд Рамис киноға түскісі келмей, тек Эйкройдқа сценарий жазуға көмектесуді ғана жоспарлаған еді. Игон Спенглердің рөліне Чеви Чейз, Майкл Китон, Кристофер Уокен, Джон Литгоу, Кристофер Ллойд және Джефф Голдблюм бағын сынап көрді. Бірақ бұл рөл Рамиске қатты үйлескені соншалық, ол бұған дейін негізінен сценарий жазумен және режиссурамен айналысып келгеніне қарамастан, оны өзі сомдауға бел буды. Уинстон Зеддмордың кейіпкері негізінен Эдди Мерфиге арналып жазылған болатын, алайда ол «Беверли-Хиллз полицейі» фильміне түсіп жатқандықтан, бұл рөлден бас тартты. Сол себепті фильмнің басында, яғни қонақүй ішіндегі Лизун есімді елеспен алғашқы шайқаста тек үш аңшы ғана өнер көрсетеді. Кейінірек қаладағы елестердің тым көбейіп кетуіне байланысты команда қатарына актер Эрни Хадсон сомдаған Уинстон Зеддмор келіп қосылады.

Картинаны түсіру барысында «Байлар мен танымалдар» фильмінен қалған дайын декорациялар жиынтығы пайдаланылды. Ал Гозер ғибадатханасы бөлек тұрғызылды және ол өз заманындағы ең күрделі түсірілім павильондарының біріне айналды.

Сыны Фильм — спецэффектілерге негізделген жоғары бюджеттік туынды мен гэг-комедия және диалогтардың қызықты үйлесімі болып табылады. Ричард Эдландтың мұқият дайындықты талап еткен визуалды эффектілері картинадағы импровизацияға ұқсайтын комедиялық сипатқа еш кедергі келтірмеген.

Картинаның сюжетіне әйгілі қорқынышты фильмдер мен триллерлерге жасалған сілтемелер сәтті кіріктірілген. Мәселен, Дана Барретт төсектің үстінде қалықтап тұратын есте қаларлық сахна — ұқсас жағдайға тап болатын Линда Блэр сомдаған «Ібілісті қуушы» фильмінен алынған нақты дәйексөз деуге болады. Таспаның алып зефир адамымен аяқталуы қисынды ойлайтын көрермен үшін күтпеген сюжеттік бұрылыс болып шықты. Ричард Шикельдің пікірінше[ағылш.], бұл фильмді ішінде тосын сыйы бар, өте әдемі безендірілген сыйлық қорабымен салыстыруға болады.

«Елес аулаушылар» фильмін көрермендер мен сыншылар өте жылы қабылдады. Роджер Эберт бұл туындыны юмордың нәзік табиғаты миллиондаған долларлық ауқымды өндірісте өзінің шынайылығын жоғалтпай, сәтті сақталып қалған санаулы сирек таспалардың бірі деп атап өтті. Джеймс Уолкотт картинаны сюжетінің жеңілдігі мен техникалық детальдарға зор назар аударуы жағынан «Жол қосулы...» сериясындағы классикалық жол комедияларымен (роуд-муви) салыстырды. Дегенмен, Дэйв Кердің пікірінше, картинаның екінші жартысы бірінші бөліміне қарағанда едәуір әлсіз шыққан, ал Рейтман туындыларына тән импровизациялық сипаттағы комедиялық екпін соңына қарай өзінің өткірлігін жоғалтады.