Симон Ованнисян (; 9 тамыз 1994; Раздан, Армения) — мононим ретінде Simón атымен танымал армян әншісі, ән авторы және биші. Арменияның атынан Eurovision ән байқауы 2026 Вена қаласында қатысады.

Өмірбаяны Симон Ованнисян 1994 жылғы 9 тамызда Разданнда дәрігерлер отбасында дүниеге келген. Университетте экономика мамандығын оқыған, алайда бұл салада кәсіби түрде жұмыс істемей, музыка мен биге ден қойған.

Симон Ованнисян 2025 жылғы ақпанда «Ay paparey bye» әнімен Depi Evratesil 2025 байқауының финалисі ретінде жарияланды. 16 ақпанда өткен финалда халықаралық және ұлттық қазылар алқасының дауыс беруінде жеңіске жетіп, көрермендер дауыс беруінде төртінші орын алды. Нәтижесінде жалпы есепте екінші орынға ие болды.

Симон Ованнисян 2026 жылғы 9 наурызда армяндық «Грапарак» басылымы оның ішкі іріктеу арқылы Армения атынан Eurovision ән байқауы 2026 қатысушы ретінде таңдалғанын хабарлады. Бұл ақпарат екі күннен кейін AMPTV тарапынан расталып, Симонның «Paloma Rumba» атты конкурс әні жарияланды.

Дискографиясы

Сингл Атауы Жыл Альбом «Ay paparey bye» 2025Альбомды емес синглдер «Paranoia» «Paloma Rumba» 2026

Дереккөздер

Санат:Разданда туғандар Санат:Eurovision ән байқауы 2026 қатысушылары Санат:Армения әншілері Санат:XXI ғасыр әншілері