Роза Ізтілеуқызы Қадірбаева — педагогика ғылымының докторы (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1961 жылы 10 қыркүйекте қазіргі Түркістан облысы, Сауран ауданы, Нұртас ауылында туған.

ҚазМУ-ды (1983, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Жезқазған педагогикалық институтында (1983-90), Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы (1990-96), Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтында компьютер орталығы меңгерушісі, декан (1996-2008), вице-президент қызметтерін атқарды. "Біліктілік арттырудың ұлттық орталығы "Өрлеу" АҚ Оңтүстік Қазақстан облысының филиалында кафедра меңгерушісі (2013-14), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының "Информатика" кафедрасының доценті және "Ғылыми-зерттеу бағдарламаларын сараптау орталығының" басшысы (2014-16), "Тарих және педагогика" факультетінің деканы (2016), Математика кафедрасының меңгерушісі (2016-21), Педагогикалық-инновация орталығының басшысы (2021), 2022-23 оқу жылынан бастап бүгінге дейін Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің "Математика" кафедрасының доценті.Қадірбаева Роза Ізтілеуқызы.

Ғылыми бағыты, еңбектері "Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 80-ге жуық ғылыми еңбектің авторы.

Марапттары Қазақстан Республикасының "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (2009);Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0. "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына 80 жыл" төсбелгісі (2017); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағы иегері (2020); Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Құрмет грамотасы" (2022); "Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін" төсбелгісі (2024)..Қадірбаева Роза Ізтілеуқызы.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Педагогика ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері