Шайтұрсын Әбдібаев (10 қазан 1942, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Сұлутөбе ауылы – 29 мамыр 2009, Қызылорда) — актер, мәдениет қайраткері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1982). Қазақ театр қоғамының мүшесі (1966), Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (1992).Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004–2011.
Өмірбаяны Шайтұрсын Әбдібаев 1942 жылы Қызылорда облысының Сырдария ауданында дүниеге келген. 1964 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) тәмамдаған.
Еңбек жолын Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында (1964–1967) актер болып бастады. Кейін Қызылорда облыстық театрларында актерлік қызмет атқарды. «Сыр сұлуы» ансамблінің көркемдік жетекшісі болды.
1967–1977 жылдары Қызылорда педагогикалық институтында (қазіргі Қызылорда университеті) аға оқытушы қызметін атқарды. Одан кейін Қызылорда облыстық музыкалық драма театрында актер, директор, облыстық филармонияда және облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығында директор болды.
1977–1992 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1992–2002 жылдары облыстық мәдениет қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 2002-2008 жылдары облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеменің директоры болды.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024
Шығармашылығы Шайтұрсын Әбдібаев театр сахнасында 60-қа жуық басты және қосалқы рөлдерді сомдады. Оның ең белгілі сахналық бейнелері: Сырым — М.Әуезовтің «Қаракөз» пьесасы Ақан — Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» драмасы Нартай — Ә.Тәжібаевтың «Батыр мен ақын» шығармасы Абай — И.Оразбаевтың «Мен ішпеген у бар ма?» пьесасы
Ол 40 жылдан астам уақыт Қызылорда облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға зор үлес қосты.
Әдеби еңбектері Әбдібаевтың әдеби-мәдени бағыттағы еңбектері: «Ән еркесі» «Қызылорда – театр өнерінің қара шаңырағы» «Сыр саңлақтары» «Портреттер» «Қазақтың музыкалық фольклоры» «Сыр әуендері» «Сыр елінің тарихи мұралары»
Киносценарийлері «Қазақфильм» киностудиясы түсірген: «Нартай» «Жанқожа батыр» «Бұқарбай батыр» фильмдерінің сценарий авторы.
Қоғамдық қызметі мен марапаттары 1982 жылы Қызылорда қалалық кеңесінің депутаты болып сайланды Қызылорда облысы әкімінің «Өнерге құрмет» белгісімен марапатталған (2003)Қызылорда облысының мәдениет және өнер қайраткерлері: биобиблиографиялық анықтамалық — Қызылорда, 2005.
Дереккөздер