Мұхамеджан Әбдіхалықов (1 шілде 1907 жыл, қазіргі Ақмола облысы, Ақмола ауданы, Баян ауылы – 13 шілде 2006 жыл, Алматы қаласы) — қоғам және мемлекет қайраткері.https://ortalyq.kz/ua-ytty-altyn-ar-auy/?utm_source

Мемлекеттік қызметі Қазақ КСР-інің оқу халық комиссары Қазақ КСР ХКК төрағасының орынбасары Қазақстан КП(б) ОК-нің насихат және үгіт жөніндегі хатшысы, ОК мүшесі (1938–1949) ОК Бюросының мүшесі (1942–1948)

1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясын құру жөніндегі Үкімет комиссиясына басшылық жасады.

Депутаттық қызметі Қызылорда облысынан КСРО Жоғарғы Кеңесіне 1- және 2-шақырылған депутат болып сайланды (1941–1950).

Ғылыми және редакторлық қызметі «Қазақ КСР-інің тарихы» (Көне заманнан бүгінгі күнге дейін) атты орыс тіліндегі алғашқы басылымның жауапты редакторы (1943, КСРО ҒА академигі А. Панкратовамен бірге).https://abai.kz/post/49470?utm_source

Марапаттары және құрметтері Еңбек Қызыл Ту ордені (екі мәрте) 1-дәрежелі Отан соғысы ордені 2-дәрежелі Отан соғысы ордені «Отан» ордені (2005) Алматы қаласының құрметті азаматы СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024

Дереккөздер