Иван Яковлевич Франко (, ; 27 тамыз 1856 жыл, Нагуевичи, Аустрия империясы – 28 мамыр 1916 жыл, Лемберг, Аустрия-Мажарстан) — украин ақыны, жазушысы, әлеумет пен әдебиет сыншысы, журналист, аудармашы, экономист, саяси активист, философия докторы, этнограф, украинтілді мәдени поэзиясының және тұңғыш детектив романдарының авторы.
Франко саяси радикал еді, Батыс Украинадағы социалистік пен ұлтшыл қозғалыстың негізін қалаған ол болатын. Өз әдеби еңбектерінен тыс ол, оған қоса, Уильям Шекспир, Джордж Байрон, Педро Кальдерон де ла Барка, Данте Алигьери, Адам Мицкевич, Виктор Гюго, Йоганн Вольфганг фон Гёте мен Фридрих Шиллер сияқты авторлар әдебиетін украин тіліне аударатын. Франконың аудармалары Украин әңгімесі театрының сахнасында да көрсетілген. Тарас Шевченкомен қатар ол Украинадағы мәдени әдеби және саяси ойға ірі ықпал етті.
Өмірбаяны Ерте жылдары Франко Нагуевичи украин ауылында туған. Ауыл сол жылдары Аустрия империясының құрамында болса, қазір Львов облысының жерінде. Иванды ақын, «Граматика» галициялық-рутениялық еңбегінің авторы әке Иосиф Левицкий шоқындырған болатын. Левицкий Нагуевичиге «өткір тілі» үшін қуылған еді. Иван есімімен шоқынғанына қарамастан үйдегілер Франконы «Мирон» дейтін; кезінде адам шын есімімен аталмаса, өлімнен қалады деген түсінік болатын. Франконың жанұясы Нагуевичиде кедей емес еді; олардың өз малайлары мен 24 гектар жері болды.
Франконың шежіресі неміс отаршылдардан құралған деген болжам бар. Иван Франко бұған сенетін.:27 Тимоти Снайдер бұл пікірмен келісті, әкесі Яков Франко неміс-католик ұста болған деді. 1772 жылы Галиция Аустрия құрамына енгенде Франколар отбасы сол жерлерде тұрған болатын. Иванның арғы атасы Теодор (Фёдор) Франко балаларын католик қылып шоқындырған.:27
Франконың Кульчицкий текті нағашылары мен анасы Мария Кульчицы ауылынан шыққан қарапайымдау дворяндар еді.:28–29 Нағашы әжесі Людвика Кульчицкая Ясеница-Сольная ауылынан шыққан алты баласы бар жесір еді.:29 Ғалымдар Франконың анасын не поляк, не украин деген.Yaroslav Hrytsak. (2006). Ivan Franko - Peasant son? Україна: культурна спадщина, національна свідомість, державність vol. 15Yaroslav Hrytsak. One World is not enough or my Adventures with National Paradigm. Scripta ucrainica europaea. Greifswald. 2007 жылғы қыркүйек. 18-бет.
Иван Франко 1862 жылдан 1864 жылға дейін Ясеница-Сольная ауылындағы мектепте оқыды, содан кейін 1867 жылға дейін Дрогобычтағы Василий монастырь мектебінде оқыды. Иван гимназияны бітірмей тұрғанда әкесі қайтыс болды, бірақ өгей әкесі Иванды білім алуда қолдайтын. Алайда, көп ұзамай Франко анасынан да айырылып, ата-анасыз қалып, мүлдем туыс емес адамдармен бірге тұрды. 1875 жылы ол Дрогобыч гимназиясын бітіріп, Львов университетінде классикалық философияны, украин тілі мен әдебиетін оқыды. Франко әдеби мансабын дәл осы университетте бастаған болатын.
Социалистік активизмі мен қамалуы нобай|солға|220px|Франко үлесін қосқан «Зоря» журналының 1886 жылғы бөлімі
Львов университетінде Михаил Драгомановпен кездескені Франкоға үлкен әсер етті. Кейін ол ұзақ саяси және әдеби байланысқа айналды. Франко социалистік еңбектері мен Драгомановпен жақындығынан ол Михаил Павлик, Остап Терлецкий мен басқалармен қатар 1877 жылы қамауға түсті. Түрмеде болған Франко «Сморгонь академиясы» () сатира еңбегін жазған. Босатылғаннан кейін Франко Карл Маркс пен Фридрих Энгельс еңбектерін оқитын болды, «Еңбек» () поляк газетіне мақала жазып, Львовтағы еңбекші топтарын құратын болды. 1878 жылы Франко мен Павлик «Қауым досы» () газетін негіздеді. Екі-ақ бөлімі жарық көргенде үкімет оған тыйым салды; алайда журнал екі түрлі газет ретінде қайта негізделді: «Шылдыр» () мен «Балға» (). 1878 жылдан бастап Франко «Азғана кітапхана» () кітаптар топтамасын шығарып жүрді, алайда 1880 жылы «диқандарды азаматтық бағынбаушылыққа шақыртқаны» үшін екінші рет ұсталды. Коломыя түрмесінде үш ай өткізген ол Львовқа оралды. Қамауда болған тәжірибесі «Түбінде» () шығармасында айтылған. Франко босатылғаннан кейін полицияның бақылауында болды. Әкімшілікпен келіспеушілігінен Франко Львов университетінен қуылды. Өлімінен кейін университет Иван Франко атындағы Львов ұлттық университеті делінді.
Франко 1881 жылы «Әлем» () журналына белсене үлес қосатын. Есімсіз редакторлығын санамағанда Франко журнал материалының жартысын жазған болатын. Кейін сол жылы ол туған Нагуевичиге көшіп, «Захар Беркут» романын бастады да, Гётенің Фаустын Гейненің Deutschland: ein Wintermärchen шығармаларын украин тіліне аударды. Ол, оған қоса, Тарас Шевченко жайлы бірнеше мақала жазды, Пантелеймон Кулиштің «Қыстақ поэзиясы» () жинағына шолу жасады. Франко «Арай» () журналында жұмыс істеді, бір жылдан кейін «Іс» () газеті редакторлар алқасының мүшесі атанды.
Некесі мен саясат нобай|солға|Франко мен әйелі Ольга Хоружинская, 1886 жыл
1886 жылғы мамырда Франко киевтік Ольга Хоружинскаяға үйленді. Ол Ольгаға «Шыңдардан мен етектен» () поэзия жинағын жазған. Жұп бір кезде Венада тұратын. Қалада Франко Теодор Герцль мен Томаш Масарикпен көріскен болатын. Тұңғыш ұлы Андрейдің өлімінен кейін әйелі ауыр психикалық ауруға шалдыққан еді.
1888 жылы Франко «Ақиқат» () газетінде жазатын болды және бұл мен днепрлік Украинадағы жолдастары себебінен 1889 жылы үшінші рет қамауға алынды. Түрмедегі екі айынан кейін ол Михаил Драгоманов пен Михаил Павликпен бірге Русь-Украин радикал партиясын құрған еді. Франко партия тізімінің пен депутаттығына үміткері еді, алайда ешқашан сайлана алмады.
нобай|оңға|Венадағы Иван Франко мүсіні, 2025 жылғы қазан
1891 жылы Франко (Иоанн Вишенский жайлы диссертациясын жазбақ болған) Франц Йозеф атындағы университет — Черновцы оқу орнында, кейін Вена университетінде оқыды. Вена университетінде ол Славян тілдерінің бас маманы делінген Игнатий Ягич астында Варлаам және Иоасаф жайлы докторлық диссертациясын жасады. 1893 жылғы 1 шілдеде Франко Вена университетінен философия докторы атанды. 1894 жылдан ол Львов университетінде украин әдебиеті тарихы жайлы дәріс беретін болды, алайда вице-регент Казимир Феликс Бадени мен галициялық консерваторлар қарсылығынан Украин әдебиеті департаментіне төрағалық ете алмады.
1898 жылы әйелімен негіздеген «» журналында Франконың украин социал-демократиясы мен Маркс пен Энгельсті сынаған «Социализм және социал-демократизм» () мақаласы жарық көрді. Ол 1898 жылы антимарксистігін «Замартасым» () поэзия жинағында жалғастырды. Оның Михаил Драгомановпен ұзақ уақыт бойы бірлесіп жұмыс істеуі социализм мен ұлттық мәселеге қатысты көзқарастарының әртүрлілігіне байланысты шиеленісті. Кейінірек Франко Драгомановты 1906 жылы жарық көрген «М. Драгомановтың әлеуметтік-саяси көзқарастары» () кітабында Украинаның тағдырын Ресейдің тағдырымен байланыстырды деп айыптады. Радикал партияның бөлінуінен кейін, 1899 жылы Франко Львов тарихшысы Михаил Грушевскиймен бірге Ұлттық демократиялық партияны құрды, онда ол 1904 жылға дейін, саяси өмірден кеткенге дейін жұмыс істеді.
Кейінгі мансабы 1902 жылы Франконың кедей жүргеніне ұялған Львов студенттері мен активистері оған үй әперді. Ол сол жерде өмірінің соңғы 14 жылын өткізді. Қазір үйде Иван Франко музейі орналасқан.
1904 жылы Франко Филарет Колесса, Фёдор Волков пен орыстың бір этнографымен бойколар аймағына этнографиялық экспедиция жасады.
1914 жылы Франконың «Иван Франкодан сәлем» () мен «Жас жылдарымнан» () соңғы екі жинағы жарық көрді.
Өмірінің соңғы тоғыз жылында Франко өз қолымен көп жазбайтын болды және ревматизмге шалдығып, содан оң қолы семіп қалған. Ойы, шығармалары қағазға түссін деп Франко шығармаларын екі ұлына, әсіресе Андрейге айтып жаздырды.
нобай|оңға|200px|Украина, Львов, Лычаков зиратындағы Иван Франко құлпытасы. Басында «Каменяри» белгілі шығармасымен байланысты тасшы мүсінделген.
1916 жылы Иосиф Застырец пен Харальд Хьерне Франконы 1916 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығына ұсынбақ болды, алайда ұсыныстың заттануына дейін Франко қайтыс болған.
Сырқаты, өлімі мен жерленуі Ғұмырының соңғы сегіз жылын Франко қатты сырқап өткізді. Аурулары қатарында бас сақинасы (мигрень), шуыл, полиартрит болды, үстінен қызба, ұйқысыздықтан азап шекті. Бірінші дүниежүзілік соғыс басында ол отбасынан алшақтады; екі ұлы майданға барса, әйелі психикалық аурулардан емделіп жүрді. 1915 жылғы қарашадан бастап Франко Украин сечь стрелецтері легионы жасаған баспанада тұрды. Тағы сырқаған Иван Франко 1916 жылғы 28 мамырда, сағат шамамен 16:00-те мерт болды.
Ажал айдағанда Франко грек-католик священниктеріне тәубе беруден бас тартты. Нәтижесінде шіркеу бастапқыда оны атеист деп, жерлеуден бас тартты. Франконың шешіміне қатты ауырғаны әсер еткен шығар деген қорытындыдан кейін ғана жерлеу рәсімі рұқсат болды. 31 мамырда бірнеше адам Франкомен қоштасу үшін Львовтағы резиденциясына келді, қатарда ұлы Пётр, жерлеуінде музыка ойнаған композитор Василий Барвинский мен жерлеуінде сөз сөйлеген Константин Левицкий болды. Жерлеу рәсіміне Украин сечь стрелецтері легионы қатысты.
Соғыс уақытының жағдайларына байланысты жерлеу орнын бірден бөлу мүмкін болмады, сондықтан Франконың денесі бастапқыда басқа отбасынан жалға алынған қоймаға жерленді. Өліміне бес жыл болғанда, 1921 жылғы 28 мамырда Иван Франконың сүйегі Львовтағы Лычаков зиратының басты аллеясына қайта жерленді. 1933 жылы Франконың әйгілі өлеңдерінің бірінің басты тұлғасы тасшыны бейнелейтін ескерткіш оның қабірінің орнында ашылды.
Отбасы нобай|оңға|Иван Труш салған Франконың портреті
Әйелі Франко 1886 жылы Ольга Фёдоровна Хоружинскаяға үйленді. Ольга бірнеше тілде сөйлей алатын және 1941 жылы қайтыс болған. Оларға құпия ұйымға мүше деген расталмаған айып тағылған болатын. 9 ай қамауда болғаны Франконың саясат пен әдебиетпен айналысқанына кедергі болмады.
Балалары Андрей Франко (1887–1913), 27 жасында жүрек тоқтауынан қайтыс болды Пётр Франко (1890–1941), украин оқытушысы, жазушысы, этнограф, ғалым, әскери көшбасшы мен саясаткер Некесінен кейін тектерін ауыстырған екі қызы болды Тарас Франко (1889–1971), ардагер Зиновия Франко (1925–1991), украин филологы Дарина Франко (1926–2015) Роланд Франко (1931–2021), украин дипломаты Анна Кличко (Франко; 1892–1988), украин жазушысы, көсемсөзші, мемуаршы
Келіндері Ольга Франко (1896–1987), Пётр әйелі
Өз өмірі Немересі Роланд Франконың сөзінше Франко атасының 1,74 метр бойы, жирен шашы, мұрты, күрте астынан кисе де вышиванкасы болды.
Франконың бірнеше ұрпағы Америка Құрама Штаттары мен Канадаға көшкен. Франконың жиені Юрий Шимко — Торонтода тұратын канадалық саясаткер мен адам құқығы активисі, бұрын Канада парламентіне сайланған.
Шығармалары нобай|оңға|200px|Франконың «Захар Беркут» романы 1932 жылғы данасының тысы
1876 жылы «Дністрянка» жыржинағында «» пен «Екі дос» () шығармалары жарық көрді. Кейін сол жылы «Балладалар мен әңгімелер» атты тұңғыш поэзия жинағын шығарды. 1877 жылы «Борислав» әңгімелерінің тұңғышы жарыққа шықты.
Франко украин шаруаларының қиын өмірін «Борислав күледі» (1881–1882) мен «Айдаһар жылан» (1878) романдарында бейнеледі. Шығармалары украин ұлтшылдығы мен тарихы («Захар Беркут», 1883), әлеуметтік мәселелер («Қоғам негізі», 1895 мен «Кепкен жапырақтар», 1896), әлеуметтік және психологиялық проблемалар («Қосылған жолдар», 1900), философия («», 1906) тақырыптары жайлы еді.
«Қабыл өлімінде» (1889), «Мұса» (1905) шығармаларында израильдіктердің Отанын іздегенін украиндардың тәуелсіздік іздегенімен байланыстырды. «Ұрланған бақыт» (1893) оның үздік драмасы делінеді. Жалпы Франко 1000-нан астам шығарма бастаған.
Кеңес заманындағы Украинада Франконың шығармалары аса жоғарыланатын, әсіресе оның революцияшыл «Тасшылар» () поэмасы. Франко сол себептен де кейде Тасшы делінеді.
Философиясы және әлеумметік-саяси ұстанымы Философиядағы ойы Тәлімгері Драгомановтай, Франконың ерте жазулары рационалист және позитивист идеяларымен және реалист эстетикасымен ерекшеленетін. Алайда кейінгі жылдары Франконың ойы өмір философиясы мен «идеалистік реализмге» жақынырақ болды, адам рухының мәні жасампаздық пен шығармашылықта деген ой байқалды.