Аустрия-Грузия қатынастары — Аустрия және Грузия арасындағы екіжақты дипломатиялық байланыстар. Екі ел 1992 жылы дипломатиялық қатынастар орнатты, ал Грузия 1996 жылы Венада өз елшілігін ашты. Грузияның Грац қаласында құрметті консулдығы да бар. Аустрия Грузияда Венада тұратын резидент емес өкіл арқылы, сондай-ақ Тбилисидегі құрметті консулдық арқылы ұсынылған.
Тарихы Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталар кезеңде Аустрия-Мажарстан басқа орталық державалармен бірге 1918 жылы Грузия Демократиялық Республикасының тәуелсіздігін алғашқы болып мойындады.Anti-Bolshevik Bloc of Nations, ABN correspondence v. 16 (Press Bureau of the AntiBolshevik Bloc of Nations, 1965), 9. Грузиядағы Аустрия-Мажарстанның алғашқы елшісі Георг фон унд цу Франкенштейн болды.
2008 жылғы соғыс кезінде Аустрия сыртқы істер министрі Урсула Плассник БҰҰ резолюциясын ескере отырып, Ресейді Грузияның аумақтық тұтастығын құрметтеуге шақырды. Ол сонымен қатар Ресейдің әскери араласуы оны Батыстың сенімді серіктесі ретіндегі беделін айтарлықтай әлсіреткенін айтты.
Екіжақты келісімдер Төмендегідей екіжақты келісімдер бар: Грузия және Аустрия Республикасы арасындағы екіжақты сыртқыэкономикалық байланыстар туралы келісім Грузияның ішкі істер министрлігі және Аустрия Республикасының федералдық ішкі істер министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум Аустрия федералдық үкіметі және Грузия үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім Грузия үкіметі және Аустрия Республикасы үкіметі арасындағы инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы келісім Грузия үкіметі және Аустрия Республикасы үкіметі арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісім Аустрия федералдық үкіметі және Грузия үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама
Ресми сапарлар Төмендегідей ресми сапарлар болды: 19–21 қаңтар 2006 — Грузия сыртқы істер министрі Гела Бежуашвили посткеңестік елдердегі демократияны дамыту бойынша «Еуропалық стратегиялар» тақырыбындағы Халықаралық конференцияға қатысу үшін Венаға барды 22–26 ақпан 2006 — Грузия парламентінің спикері Нино Бурджанадзе Аустрияға сапар жасады 26–29 наурыз 2006 — Грузия премьер-министрі Зураб Ногаиделидің Аустрияға жұмыс сапары 4–5 мамыр 2006 — Грузия ішкі істер министрі Иванэ Мерабишвилидің Аустрияға сапары 27 қазан 2006 — Грузия премьер-министрі Зураб Ногаиделидің Аустрияға сапары
Дереккөздер
Сілтемелер Аустрия сыртқы істер министрлігі: Грузиямен екіжақты келісімдер тізімі Грузия сыртқы істер министрлігі: Аустриямен қатынастар жөнінде
Санат:Аустрия екіжақты қатынастары Санат:Грузия екіжақты қатынастары