Екпінді — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Екпінді ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен солтүстік-батысқа қарай 30 км-дей жерде.

Тарихы 1930 жылы Төменарық ауылдық кеңесіне қарасты «Екпінді» ұжымшары болды. 1962 жылы ірілендіру саясатымен «Красная звезда» ауылдық кеңесінің құрамына енді. 1965-2005 жылдар аралығында Сунақата ауылдық округінің бөлімшесі болып келді. 2005 жылы Екпінді ауылдық округі болып құрылды.

Халқы Тұрғыны 953 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434040100.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Викимапияда

Санат:Жаңақорған ауданы елді мекендері