Еламанов Әлі (1902 -20.3.1975)Қазақ энциклопедиясы – күріш өсіруші, еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1949). 1902 жылы Қызылорда облысы, қазіргі Жаңақорған ауданы, Елтай атындағы ұжымшарда (қазіргі Қожамберді ауылы) туған.
Еңбек жолы мен жетістігі Төрт жылдық мектепті бітірген соң 1930–1958 жылдары Елтай атындағы ұжымшарда, кейін «Төменарық» кеңшарында еңбек етті. Ұлы Отан соғысы жылдары Сунақ Ата арнасын қазуға қатысқан. 1948–1949 жылдары күріштіктің әр гектарынан 80–85 центнерден астық жинап, жоғарғы көрсеткішке жеткен. 1955–1960 жылдары ұжымшарда түйе, қой бақты.
Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1949)
Дереккөздер
ЕЛАМАНОВ ӘЛИ// Кызылординская областная универсальная научная библиотека имени Абдильды Тажибаева
Санат:Социалистік еңбек ерлері