Нұрмақов Аман Жамелұлы (13 наурыз 1942 жылы туған, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы ] – ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1989), профессор (1991).

Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген (1965). 1967 жылдан Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) профессор, кафедра меңгерушісі (1995 жылдан) болып жұмыс істейді.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми еңбектері хирургия мәселелеріне арналған. Ол жаңа жергілікті жансыздандырғыш дәріні (ринокаин) тәжірибелік жолмен зерттеп, алғаш рет хирургия саласында қолданды. Өт қуығында тас байлану ауруын анықтау жолдарын ұсынып, оны емдеу тәсілдерін жетілдірді. Нұрмақовтың басшылығымен нашақор адамдарда іріңді жараның даму барысының ерекшеліктері зерттеліп, бірінші болып оларды емдеу үшін адам плацентасын қолданды. Алғаш рет шығыс медицинасындағы тәсілді хирургиялық операциядан соң пайда болатын асқынулардың алдын алуға және оны емдеуге қолданды. Нұрмақов 130-дан астам ғылыми еңбектің авторы, 3 патенттің және 5 өнертапқыштық ұсыныстардың иегері.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Шығармашылығы Хирургические болезни, А., 2001 Өт қуығында тас пайда болу ауруы, А., 2003 Хирургиялық аурулардың симптомдары мен синдромдары, А., 2004

Дереккөздер

Санат:13 наурызда туғандар Санат:1942 жылы туғандар Санат:Қарқаралы ауданында туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессорлары