Толыбеков Алмас Серғалиұлы (5 Желтоқсан 1938 жылы туған, Алматы қаласы) – медицина ғылымының докторы (1979), профессор (1987).

Қысқаша өмірбаяны: 1962 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1962–1983 жылдары КСРО Медицина Ғылым академиясының Эксперименттік медицина институтында (Санкт-Петербург) аспирант, кіші, аға ғылыми қызметкер. 1983 жылдан Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) профессор, кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.

«Морфогенез и вопросы патогенеза инфекционных процессов вызываемых хламидиями» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Толыбеков микроб тудыратын патологиялық-гистологиялық процестерді зерттеді.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер: