Amadeus Аустриялық музыкалық сыйлығы (Amadeus Austrian Music Award) — Аустрияның музыка индустриясындағы көрнекті жетістіктері үшін берілетін музыкалық сыйлық. 2000 жылдан бастап ол елдегі ең табысты музыканттарға бірнеше номинациялар бойынша жыл сайын беріліп келеді. 2012 жылдан бастап марапат әрқашан наурыз-сәуір айларында Вена фолькстеатрында өткізіліп, тікелей эфирдеhttps://www.vienna.at/amadeus-austrian-music-awards-auf-fruehjahr-2012-verschoben/news-20110802-02023885 көрсетілді, алайда, COVID-19 пандемиясына байланысты 20 жылдық мерейтойлық рәсім 2020 жылдың сәуірінен қыркүйекке ауыстырылған және теледидарда телешоу түрінде көрсетілдіhttps://austria-today.ru/nazvany-pobediteli-20-j-premii-amadeus-austrian-music-awards/ .
Номинациялар «Amadeus Аустриялық музыкалық сыйлығын» тек Аустрия азаматтары немесе осы елде тұрақты тұратын басқа мемлекеттердің азаматтары алуға құқылыhttps://www.mothergrid.de/news/amadeus-austrian-music-awards-mit-ma-lighting-und-claypaky/.
Дерек бойынша 2021 жылы «Amadeus Аустриялық музыкалық сыйлығы» аясындағы сыйлықтар 14 номинацияда тапсырылған: 7 жалпы және 7 жанр номинацияларыhttps://kurier.at/kultur/amadeus-awards-vier-nominierungen-fuer-julian-le-play/401352374https://ifpi.at/amadeus-austrian-music-awards-2021-die-nominierten/.
7 жалпы номинациялар: Жыл әні; Жыл альбомы; Жылдың тірі қойылымы; Жыл ән жазушысы; Жылдың ең жақсы дауысы; Ерекше үлес қосқаны үшін; «FM4» радиостанциясы сыйлығы.
Музыкалық жанр бойынша 7 номинация: альтернативті музыка; электронды / би музыкасы; метал; хип-хоп / қалалық музыка; джаз / блюз / этникалық музыка; поп / рок; шлягер / халық музыкасы.
Дереккөздер
Санат:Аустрия сыйлықтары Санат:Музыкалық сыйлықтар