Берік Ноғайұлы Асылов (28 ақпан 1964 жыл, Жамбыл облысы) — қазақстандық саясаткер және заңгер, 2022 жылдан бергі Қазақстан Бас прокуроры.
Білімі Асылов С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы Асылов еңбек жолын 1991 жылы Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының тағылымдамашысы қызметінен бастаған.
1992–2001 жылдары — Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, Бас прокуратура жанындағы аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші, тергеуші, Алматы әуе-көлік прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Мемлекеттік тергеу комитеті мен ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, Қорғаныс министрлігінің әскери барлау және Президенттің күзет қызметіндегі жедел-іздестірудің заңдылығын қадағалау бойынша бөлім бастығы болып жұмыс істеген.
2001–2006 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының басшылық лауазымдарында — Шымкент қаласының прокуроры, облыс прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2006–2008 жылдары — Батыс өңірлік көлік прокуроры.
2008–2010 жылдары — Ақтөбе облысының прокуроры.
2010–2011 жылдары — Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.
2011–2017 жылдары — Алматы қаласының прокуроры.
2017–2019 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
2019 жылғы наурыздан бастап — Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары.
2022 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалды. 2026 жылғы 7 шілдеде лауазымына қайта тағайындалды.Б.Н. Асыловты тағайындау туралы
Марапаттары және атақтары Асыловтың 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені бар (2011).
Асылов Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталған (2005), Даңқ орденінің толық кавалері (ІІ дәреже – 2011, І дәреже – 2017). Ол — «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ТМД БПҮК 20 жыл», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері.
Отбасылық жағдайы Асылов үйленген, бес бала тәрбиелейді.АНЫҚТАМА Асылов Берік Ноғайұлы
Інісі Абай Ноғайұлы Асылов (1968 жылы туған) — 2022 жылдан бастап «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ басқарма төрағасы. Сондай-ақ Алматы облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған.Абай Ноғайұлы АсыловАсылов Абай Ноғайұлы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Бас Прокурорлары Санат:Даңқ орденінің толық иегерлері Санат:Солтүстік Қазақстан облысы прокурорлары Санат:Алматы прокурорлары Санат:Ақтөбе облысы прокурорлары