Еркін Таңатқанұлы Мұхамеджанов (29 қараша 1978 жылы туған, Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Мереке кеңшары, Бестамақ бөлімшесі) — Қазақстан республикалық телерадиокорпорациясы АҚ «Abai tv» телеарнасы директоры.

Қызмет жолы 2000-2001 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалының штаттан тыс корреспонденті; 2001-2002 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалының дикторы; 2002-2003 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалы жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы; 2003-2003 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай филиалының редактор-корреспонденті; 2003-2005 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРО АСБД-ның Қостанай облысындағы меншікті тілшісі; 2005-2006 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРО АСБД-ның сараптамашы-редакторы; 2006-2006 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРО АСБД-ның Қостанай облысындағы меншікті тілшісі; 2006-2010 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы; 2010-2010 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД тілшілер бөлімінің тілшісі; 2010-2010 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД тілшілер бөлімінің арнайы тілшісі; 2010-2011 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД шығару бөлімінің шеф-редакторы; 2011-2011 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД тілшілер бөлімінің тілшісі; 2011-2012 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ АСБД шығару бөлімінің шеф-редакторы; 2012-2012 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Апта.kz» бағдарламасының шеф-редакторы; 2012-2015 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Апта.kz» бағдарламасының жетекшісі; 2015-2017 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақстан» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясының директоры; 2017-2018 жж. «Қазақстан» РТРК» Қостанай облыстық филиалының директоры; 2018 - 2022 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ «Qazaqstan» ҰТА директоры; 2022-2023 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары; 2023 жылдың шілде айынан «Abai tv» телеарнасының директоры.

Марапаты БАҚ өкілдері арасындағы республикалық «Нұр Сұңқар» сыйлығының «Ерекше пікір» аталымында жеңімпаз (2015 ж.); «Еңбек ардагері» төсбелгісі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (2018 ж.); ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығы (2022 ж.).

Дереккөздер

Санат:Науырзым ауданында туғандар