Болат Сүлейменұлы Мүрсәлім (01 қазан 1979 жылы туған, Абай облысы, Ақсуат ауданы, Қызыл Кесік) — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ «Qazaqstan» телеарнасы директоры. Алаш қайраткерлері туралы бірнеше деректі фильмнің сценарий авторы. «Алашорда» және «Алаш автономиясының әскері» фотоальбомдарының құрастырушысы.

Қызмет жолы «Қазақстан – ZAMAN» газетінде (2001 ж.), «Парасат» журналында (2002 ж.), «Қазақ радиосында» (2004 ж.), «Қазақстан» (2002-2006 ж.ж.), КТК (2007 ж.) телеарналарында қызмет атқарған. 2008-2009 жж. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Сценарлық алқа мүшесі; 2009 жылдың қазанынан «31 арнаның» «Информбюро» бағдарламасының шығарушы редакторы, 2012 жылдың тамызынан «31 арнаның» Ақпараттық бағдарламалар директоры; 2022 жылдың тамызынан «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Бас редакторы; 2022 жылдың 26 қыркүйегінен «Qazaqstan» телеарнасының директоры; 2023 жылдың шілдесінен «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Бас редакторы; 2024 жылдың сәуірінен «Qazaqstan» Ұлттық арнасы директоры.

Білімі 2001 ж. Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған; 2001-2004 жж. ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасында оқыды.

Марапаты «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі; ҚР Ұлттық Ғылым академиясы тағайындаған «Алашорданың 100 жылдығы» естелік медалі; «Қазақ хандығының 550 жылдығы» төсбелгісі.

Санат:Ақсуат ауданында туғандар