Wright Flyer немесе Flyer I — сәтті ұшырылған алғашқы ұшақ.
Оны құрастырған және ұшу барысын басқарған ағайынды Райттар еді.
Ауадан ауыр аппараттағы алғашқы ұшу 1903 жылдың 17 желтоқсанында Солтүстік Каролинадағы Китти-Хок қаласы маңында орын алды. Бұл тарихи оқиға механикалық авиация дәуірінің басталуына әкелді.
Техникалық сипаттамасы Экипаж — 1 адам Ұзындығы — 6,4 метр Қанаттарының өрісі — 12,3 метр Биіктігі — 2,7 метр Өз салмағы — 274 кг Толық жабдықталғанда — 338 кг Максималды жылдамдық — 48 шақырым/сағат
Тағы қараңыз Авиация тарихы
Санат:Авиация тарихы