Джон Хьюстон (; 5 тамыз, 1906, Невада, Миссури — 28 тамыз, 1987, Мидлтаун, Род-Айленд, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші және актер. Режиссер түсірген 37 көркем фильмнің басым бөлігін сценарийлерін жазды, олардың көпшілігі қазіргі кезде классикалық болып саналады. Хьюстонның шығармашылық жолы асқан табысқа толы болды: ол екі мәрте «Оскар» және үш мәрте «Алтын глобус» сыйлығын иеленді. Сонымен қатар, 1960 жылы Голливудтың «Даңқ аллеясында» оның есімімен жеке жұлдыз орнатылса, 1980 жылы ол BAFTA академиясының ең жоғары мәртебелі мүшелігіне (BAFTA Fellowship) ие болды.
Хьюстонды Голливуд кино әлемінде «дәуір алыбы», «ағысқа қарсы жүзуші» және «әмбебап тұлға» деп атаған. Жиһанкездікті жаны сүйген ол әр жылдары Франция, Мексика және Ирландия елдерінде тұрақтаған. Хьюстон тумысынан АҚШ азаматы болса да, 1964 жылы бұл мәртебеден бас тартып, Ирландия азаматтығын алады. Дегенмен, кейінірек туған жеріне қайта оралып, өмірінің соңғы жылдарын Америка Құрама Штаттарында өткізді.
Актер Уолтер Хьюстонның ұлы, актриса Анжелика Хьюстонның әкесі.
Таңдаулы фильмдері
Дереккөздер
Санат:Үздік режиссёр үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Үздік бейімделген сценарий үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:Тәуелсіз рух сыйлығының иегерлері Санат:Құрмет легионы орденінің иегерлері