Анри-Жорж Клузо (; 12 қаңтар, 1907, Ньор, Де-Севр, Франция — 12 қаңтар, 1977, Париж, Франция) — франциялық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер. Триллер жанрының ең танымал режиссерлерінің бірі.Биография Internet Movie Database сайтында Оны франциялық Хичкок деп атайды.Анри-Жорж Клузо на сайте Hollywood.comWages of Fear. A Film Review by James Berardinelli Клузо — Берлинде «Алтын аю», Венецияда «Алтын арыстан» және Канндағы «Алтын пальма бұтағы» марапаттарын алған төрт режиссердің бірі (қалған үшеуі — Роберт Олтмен, Микеланджело Антониони және Джафар Панахи).
Клузо ең алдымен триллер жанрындағы туындыларымен танымал. Оның «Қорқыныш үрейі» (1953) және «Ібілістер» (1955) фильмдері 1950-жылдардағы ең ұлы кинотуындылардың қатарында танылған. Сонымен қатар ол деректі фильмдер де түсірген, оның ішінде Франция үкіметі ұлттық қазына деп жариялаған «Пикассо жұмбағы» (1956) фильмі бар
Клузо ерте жасынан киноға құмар болды және жазушылық мансапты армандап, Парижге көшіп барды. Кейінірек оны продюсер Адольф Оссо Берлинге неміс фильмдерінің француз тіліндегі нұсқаларын жазу үшін жұмысқа шақырды. Нацистік Германиядағы UFA студиясында еврей продюсерлерімен достық қарым-қатынаста болғаны үшін жұмыстан шығарылғаннан кейін, Клузо Францияға оралды. Онда ол туберкулезге шалдығып, бірнеше жыл төсек тартып жатып қалды. Сауыққаннан кейін, нацистер басып алған Францияда немістерге тиесілі Continental Films компаниясында сценарийші болып жұмысқа тұрды. Continental-да жұмыс істегенде Клузо үлкен танымалдылыққа ие болған фильмдерді сценарийін жазып, түсірді. Оның екінші фильмі — «Құзғын» провинциялық Францияның ауыр өмірін шынайы көрсеткені үшін үлкен дау тудырып, ол фильм жарыққа шыққанға дейін Continental-дан жұмыстан шығарылды. Continental компаниясымен байланысы болғаны үшін Франция үкіметі Клузоны коллаборационизм (басқыншылармен қызметтес болу) үшін айыптады. Осыған байланысты оған өмір бойы кино түсіруге тыйым салынды, бірақ кейінірек бұл мерзім қысқартылып, ол 1947 жылға дейін шығармашылықтан шеттетілді.
Тыйым алынып тасталғаннан кейін, 1940-жылдардың соңында Клузо «Орфевр жағалауы» сияқты табысты фильмдерімен Франциядағы беделі мен танымалдылығын қайта тіктеді. «Микетта» атты комедиялық фильмі жарыққа шыққан соң, Клузо Вера Гибсон-Амадоға үйленді. Вера оның кейінгі үш көркем фильмінде басты рөлдерді сомдады. 1950-жылдардың басы мен ортасында «Қорқыныш үрейі» және «Ібілістер» фильмдері үшін Клузо халықаралық киносыншылар мен көрермендердің ілтипатына бөленді; бұл екі туынды да ондаған жылдар өткен соң римейктер түсіруге негіз болды. «Ақиқат» фильмі шыққаннан кейін оның әйелі Вера жүрек талмасынан қайтыс болды. Осыдан кейін депрессия, сырқаттану және «Франциялық жаңа толқын» бағытындағы сыншылардың жаңа көзқарастары салдарынан Клузоның мансабы құлдырай бастады.
Клузоның мансабы кейінгі жылдары бәсеңдеп, тек бірнеше теледидарлық деректі фильмдермен және 1960-жылдардағы екі көркем фильммен шектелді. 1970-жылдары ол қолданысқа енбеген бірнеше сценарий жазды. Клузо 1977 жылы Парижде қайтыс болды.
Фильмография + Режиссёр ретінде Жыл Қазақша атауы Түпнұсқа атауы Режиссёр Сценарийші Продюсер 1931 Батиньольдегі қорқыныш (қысқаметражды) La terreur des batignolles 1933 Ханшайымның еркелігі Caprice de princesse Бәрі де махаббат үшін Tout pour l'amour 1942 21-ші үйде тұратын өлтіруші L'Assassin habite au 21 1943 Құзғын Le corbeau 1947 Орфевр жағалауы Quai des orfèvres 1949 Манон Manon Өмірге оралу Retour à la vie 1950 Микетта мен оның анасы Miquette et sa mère 1953 Қорқыныш үрейі Le salaire de la peur 1955 Ібілістер Les diaboliques 1956 Пикассо жұмбағы (деректі фильм) Le mystère picasso 1957 Тыңшылар Les espions 1960 Ақиқат La vérité 1966 Герберт фон Караян: Репетиция және концерт (музыкалық деректі фильм) Herbert von Karajan in Rehearsal and Performance 1967 Джузеппе Верди: Халықаралық Реквием (музыкалық деректі фильм) Messa da requiem von giuseppe verdi 1968 Тұтқын әйел La Prisonnière
Дереккөздер
Санат:BAFTA марапаты иегерлері Санат:Алтын пальма бұтағы сыйлығының иегерлері (режиссёрлер)