Ильяс Юсуф (Юсупжанов Ильяс Халмуратович, 2002 жылғы 20 желтоқсанда Алматыда туған) — Қазақстандық жас жазушы, ақын, Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы мүшесі. Қазақстандағы ең жас қаламгер деген атақпен жергілікті Гиннес рекордтар кітабына енген. 18 жасында 4 түрлі кітабы жарық көрген.
Өмірбаяны Ильяс 2002 жылғы 20 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 2008 жыл мен 2015 жыл аралығы Алматыдағы №111 гимназияда, 2015 мен 2020 жылдары Алматы «Білім-Инновация» ер балалар лицей-интернатында оқып, тәмамдаған. 2020 жылдан бері Сүлейман Демирел атындағы университеттің құқық пен әлеуметтану ғылымдары факультетінде халықаралық қатынастар мамандығын оқып жатыр.
Шығармашылығы 2020 жылы «Мен білетін өмір» () атты психология және мотивация жанрындағы алғашқы туындысы жарық көрді. Аталмыш кітабы авторға бірден үш түрлі рекорд әкелді: психология мен мотивация жанрында жазатын ең жас қаламгер, элегия мен арнау жазатын ең жас ақын және шынайы оқиғаға негізделген өлең жазатын ең жас ақын. 2021 жылы өзінің алғашқы өлеңдер жинағы («Түнгі симфония» ()) мен «Періште ізі» () деп аталатын үшінші кітабын жазып бітірді.
Мәслихатқа үміткерлігі Иляс Юсуф мәслихат депутаттығына ең жас үміткер боп 2023 жылғы сайлауға түсті. Ол Алматы қаласы №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округінен үміткер боп тіркелген еді. Алайда сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 104-бабы 6-1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, яғни декларация тапсыру барысында анықталған мәліметтегі қатеге қатысты Ильясты үміткерлер қатарынан алып тастады. Автор өзінің жарық көрген кітаптарын мүлік болып есептелмейтін интеллектуал меншік екенін алға тартып, декларацияға тапсырмағанын айтады.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Ұйғыр жазушылары Санат:Алфавит бойынша жазушылар