Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті — агроөнеркәсіптік кешен саласында өсімдіктер карантині мен оларды қорғау, астық нарығын реттеу, өсімдік шаруашылығы, асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомствосы.

Міндеттері өсімдіктер карантині саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын орындау, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысу өсімдіктерді қорғау саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысу асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында іске асыру және бақылау функцияларын орындау астық нарығын реттеу саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын орындау тұқым шаруашылығы саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын орындау агроөнеркәсіптік кешен саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын орындау мемлекеттік мүлік саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын орындауҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы

Құрылымы Комитеттің 9 басқармаcы бар (2023 жылға): Мемлекеттік қызметті өткеру басқармасы Бюджеттік жоспарлау, бухгалтерлік есеп басқармасы Құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы Персоналмен жұмыс басқармасы Астық, асыл тұқым инспекциясы және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу басқармасы Сыртқы бақылау және қадағалау басқармасы Өсімдіктер карантині және цифрландыру басқармасы Лицензиялау және пестицидтерді тіркеу басқармасы Өсімдіктерді қорғау басқармасы

Қарамағындағы мекемелер Облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекциялары «Фитосанитария» ШЖҚ РМК «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» ММ «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ

Төрағалары Сақташ Сатыбалдыұлы Хасенов (09.2011-06.2015) Берік Жамбылұлы Манасов (2023-2024) Дархан Есентемірұлы Әбдікәрімов (06.2024-10.2024) Сәкен Әсембекұлы Қаныбеков (06.2025-)

Дереккөздер

А