Александр Алексеевич Брыжин (22.11.1922 ж., Волгоград облысы Данилов ауданы - 26.06.1985, Волжск) — партия қызметкері.
Астрахан авиатехникалық училищесін (1941), ұшқыштар мектебін бітірген. 1942 жылы Қызыл армия қатарына, Азов-Қара теңіз тобының 21-әуе эскадрильясына ұшқыш болып алынады. 1946 — 52 жылдары Волгоград облысында комсомолдық және партия жұмыстарында болады. КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген соң, Батыс Қазақстан облысындағы Бөрілі аудандық партия комитетінің 1-хатшысы, Орал облыстық партия комитетінің 2-хатшысы, 1963 — 68 жылдары Қазақстан КП Көкшетау облыстық партия комитетінің 1-хатшысы қызметтерін атқарған.
Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:22 қарашада туғандар Санат:1922 жылы туғандар Санат:Данилов ауданында туғандар Санат:26 маусымда қайтыс болғандар Санат:1985 жылы қайтыс болғандар Санат:Волжскде қайтыс болғандар Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Қазақстан КП Көкшетау облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 7 шақырылымының депутаттары Санат:Астрахан авиатехникалық училищесі түлектері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Ұлы Отан соғысының ұшқыштары Санат:Бөрлі аудандық партия комитетінің бірінші хатшылары