Давыд Агеевич Бурлаков (1905, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Казанка ауылы — 1967, бұрынғы Целиноград облысы) — еңбек ардагері. Социалистік Еңбек Ері (1957).

1929 — 59 жылдары «Прибой» ауыл шаруашылығы артелінің, Целиноград ауданындағы Красная заря, Победа ұжымшарларының төрағасы, 1959—64 жылдары Новоишим аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болған. 1964 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан. Орден, медальдармен марапатталған.“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том

Дереккөздер

Санат:1905 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Солтүстік Қазақстан облысы) туғандар Санат:1967 жылы қайтыс болғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері