Константин Викторович Авершин (7 қазан 1976, Талдықорған) — қазақстандық саясаткер, кәсіпкер және экономист, 2026 жылдан бергі Әділет партиялық тізімімен сайланған 1-шақырылған Қазақстан Құрылтайының депутаты, «Red Dragon» сауда желісінің төрағасы, Қазақстан мейрамханалары қауымдастығының вице-президенті.

2023 жылдан 2026 жылға дейін Авершин Қазақстан Мәжілісі VII және VIII шақырылымының депутаты болды.

Өмірбаяны Шығу тегі, білімі Константин Авершинның әкесі орыс және қазақ анасы қарақыпшақ руынан шыққан. Әжесі арғын руынан шыққан.

Авершин 1976 жылы 7 қазан күні Талдықорғанда дүниеге келген. Жастық шағын өткізген және білімін алған қала Алматы болғасын өзін алматылық етіп санайды.

1995 жылы Авершин Брайтондағы Беллербис коллеждінде бизнес және экономика мамандығына оқуын бітірді. 1998 жылы Англия Рускин Университетінде Еуропалық бизнес және экономика бакалавры дәрежесін алды. Белгісіз жылы «Болашақ» президенттік бағдарламасының стипендиатына ие болды. 2018 жылы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясында оқуын бітірді.

Кәсіпкерлік мансабы Константин Авершин өз мансабын 1998 жылы «KEGOC» ААҚ (ОАО) Коммерциялық департаментінің қызметінде болып бастады. Бір жылдан кейін бұл жұмысын тоқтатып, «Кедентранссервис» ЖАҚ коммерциялық департаментінің бас менеджері болып 2001 жылға дейін жұмыс істеді.

2009–2011 жылдары аралығында Авершин European Aviation (Еуропалық авиация) аймақтық өкілі болды. 2013 жылы қазіргі таңда 100% иеленетін «Red Dragon» компаниясының негізін салды.

Қазақстан мейрамханалары қауымдастығының вице-президенті және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтық өкілі қызметтерінде болған, не әлі де бар.

Әскери қызметі (2001–2009) 2001–2009 жылдар аралығында Қазақстан Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің №62156 әскери бөлімінде қызметін өтеді. Атағы — капитан. ҰҚК-дағы қызметі үшін 2007 жылы 3-дәрежелі «ҰҚК — КНБ — Қазақстан» арнайы белгісімен марапатталған.

Саяси мансабы (2016–) Авершин — 2016 жылдан бері «Аманат» саяси партиясының мүшесі.

Саясаттағы мансабын Константин Авершин 2020 жылғы желтоқсанда Қазақстан Мәжілісінің депутаттығына Нұр Отаннан үміткері ретінде бастады.

2016 жылы ол Алматы қалалық мәслихаты VI шақырылымының депутаты болып сайланды. 2022 жылғы 28 наурызда Авершинның депутаттық мерзімі аяқталды да, ол кейін тағы мәслихаттың VII шақырылым депутаты болды. Депутат ретінде оны Алматы мәслихаты "Заңғар" төсбелгісімен наградтаған.

2022 жылғы 29 наурызда «AMANAT» партиясы Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен бос болған Мәжіліс мандатына ие болды.

Авершин — «Мен алматылықпын» қоғамдық қозғалысының негізін қалаушы, жетекшісі. Қозғалыс халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетумен айналысады. Қозғалыстың негізі 2015 жылы Авершинмен қаланған еді, бастапқыда ол тек сенбілік ұйымдастыру, жеке кеңістіктерін тазартумен айналысатын.

2026 жылғы шілдеде екіпалаталы Қазақстан Парламентінің орнына бірпалаталы Қазақстан Құрылтайы құрылды. 2026 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде ол осы 1-шақырылған Құрылтайға депутат болып сайланды.

Саяси көзқарасы Ошақбаев.LIVE арнасына берген сұхбатында Авершин өзін национал-патриот деп сипаттады, ұлтаралық қақтығысқа қарсы шықты және национал-патриотизмді ең жоғарғы атақ деп атаған.

Жеке өмірі Константин Авершинның әйелі — қоңырат руынан шыққан Роза Алмаханқызы Авершина (1981 жылы туған). Екі қызы, Сәбина (2009 жылы туған) және Доминика (2012 жылы туған) бар. Авершинның 4 баласы бар.

Орыс, ағылшын және қазақ тілдерін меңгерген.

Марапаттары Авершинның марапаттары: 3-дәрежелі «ҰҚК — КНБ — Қазақстан» арнайы белгісі (2007) «Экономика мақтанышы» ордені (2016) «Арнайы жасақтағы қызметі үшін» медалі (2014) Құрмет ордені (2017) Алматы облысы Ішкі істер департаментінің «Қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге және ауыр қылмыстарды ашуға қосқан үлесі мен көмегі үшін» Алғыс хаты және қол сағаты (2015)

Дереккөздер

Санат:Қазақстан кәсіпкерлері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Құрылтайының I шақырылымының депутаттары