Педи (бапеди, солтүстік суто)Педи https://megabook.ru/article/%D0%9F%D0%B5%D0%B4%D0%B8 — Оңтүстік Африка Республикасының солтүстік-шығысындағы банту тобының халқы (Трансвааль тарихи аймағының шығысы). Саны 4,6 млн адам. (2011, халық санағы). Олар негізінен Лимпопо және Гаутенг провинцияларында, сондай-ақ Мпумаланга провинциялары мен Солтүстік-Батыс провинцияларында тұрады. Сонымен қатар Зимбабведе (150 мың адам, 2012 ж., бағалау) және Ботсванада (15 мың адам) тұрады. Негізгі топтары Педилер (марота, маротенг), масемол (тау) – Лимпопо провинциясының оңтүстігінде; пхалаборва, мпхахлеле, махакала - Улифантс өзенінің орта ағысының сол жағалауында; рока, лобеду, тлоква - Үлкен Летаба және Кіші Летаба өзендері бойында; молчелер - Санд өзенінің жоғарғы ағысында; ханава (гананва) – Брак өзенінің жоғарғы ағысында тұрады.Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2708813
Тілі Тілі – се-педи тілі, банту тілдері отбасына жатады.Большая Советская энциклопедия Педи https://my-dict.ru/dic/bolshaya-sovetskaya-enciklopediya/69833-pedi/
Діні Олар дәстүрлі нанымдарды ұстанады, кей бөлігі христиандар (протестанттар)Большой энциклопедический словарь - педи http://www.terminy.info/literature/great-encyclopedic-dictionary/pedi
Тарихы Педилер 17 ғасырдың 50-жылдарында Тубатсе өзенінің оңтүстігінде қоныстанған. 18 ғасырдың екінші жартысында олар өздерінің ықпалын көршілерге тарата отырып, аймақты бақылауға алды. 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басында Туларе көсемі тұсында бұл халық мәдени-экономикалық дамудың шарықтау шегіне жетті. 1870 жылға қарай Педи халқы аймақтағы билікті бурлармен және свазилермен бөлісті. 1879 жылы олар Ұлыбританиямен және оның одақтасымен соғыста жеңіліске ұшырап, олардың иеліктері айтарлықтай қысқарды.Африканские племена Педи http://the-barbarians.ru/afrikanskie-plemena/pedi.html
Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (сорго, жүгері) және мал өсіру (ірі және ұсақ мал). Дәстүрлі қолөнерден – керамика (қызыл ангоб және жылтыратылған үлкен ыдыстар), геометриялық ою-өрнектері бар ағаш ыдыстар (қасық, кесе, орындықтар) және түрлі-түсті моншақтардан бұйымдар жасау дамыған.Народы и культуры Педи https://travel-journal.ru/ethno/43/1155/
Өмір салты Көсемдіктер, тотемдік рулар болды. Ұлдар мен қыздардың Инициациялары қолданылды. Туысқандық некеге артықшылық беріледі. Христиан дінінің таралуымен белгілі бір топтар нормативті моногамияны орнатты.
Тұрғын үйлері дөңгелек пішінді, төбесі конустық, қабырғалары тоқылған және балшықпен сыланған, кейде боялған. Шаруашылық құрылыстары (астық қоймалары, қоймалар, асханалар) әр түрлі.
Дәстүрлі ерлер киімі - каросса шапаны, белдік, қазір — еуропалық түрдегі киімдер. Әйелдер жарқын жиектермен және моншақтармен безендірілген ұзын көк көйлектерді киюді жалғастыруда.
Азық-түліктері – жүгеріден, құмайдан, тарыдан, көкөністерден, сүттен жасалған ботқа және бәліштер.народы мира / Педи http://www.etnolog.ru/people.php?id=PEDI
Дереккөздер
Санат:Оңтүстік Африка Республикасы халықтары Санат:Зимбабве халықтары Санат:Ботсвана халықтары