Құлаат – Маңғыстау тауларының батыс бөлігіндегі аласа тау.
Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шайыр ауылының солтүстік-батысында 15 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 277 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км-ге созылған, енді жері 2 км. Беткейі тіктеу, қатты тілімделген. Солтүстігінде Солтүстік Ақтау, оңтүстігінде Батыс Қаратау жоталары, батысында Емдіқорған, шығысында Қожахмет таулары орналасқан.
Өсімдігі Беткейлердің етегінде тасбұйырғын, жусан басым өседі. Баурайы жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау ауданы таулары